Білім

Кітапханашылар бас қосты

Семинар

Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектепте «Кітап және оқу: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында қалалық кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.

Семинарды әдістемелік кабинет әдіскері Айдана Базарбаева мен №65 орта мектептің директоры Марфуға Жантурина ашты.

Іс-шараны мектеп психологі Нұрзат Сатыбалдина «Өзіңді таны» тренингімен жалғастырды. Кітапхана меңгерушісі Мейрамгүл Жұмабаева «Кітап — білім кілті» тақырыбында коучинг өткізіп, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Назгүл Ершекенова «Бестік шеңбер», орыс тілі пәнінің мұғалімі Ғазиза Қоразова «Сингапурлық оқыту» әдіс-тәсілдерін көрсетті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айдана Кеңесбай «Оқуға құштар ұрпақ», бастауыш сынып мұғалімі Балзира Әлімбетова «Бастауыш сынып оқушыларының кітап оқудағы әдіс-тәсілдері» атты өз жұмыстарымен таныстырды.

Семинар барысында Пригородный №9 модульдік кітапхана меңгерушісі Ләйлә Лесова «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым — Қожа» тақырыбында әдеби лото-ойынын өткізді.

Шара соңында кітапханашылар «Кітапхана поштасы» тақырыбында рефлексия жүргізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Ләззат ТІЛЕПОВА,   

  тарих пәнінің мұғалімі. 

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button