Білім

Балдырған

Он дерек

Қашан пайда болды?

 

  • Дауыс күшейткіш (громкоговоритель) — 1900 жыл, Хорас Шорт, Ұлыбритания.
  • Дауыс күшейткіш (репродуктор) — 1924 жыл, Честер У.Райс, Эдвард У.Келлог, Америка Құрама Шаттары.
  • Ерін далабы (цилиндр корпустағы) — 1915 жыл, Морис Леви, Америка Құрама Штаттары.
  • Ирригациялық дамба — біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жылдар шамасы, Египет.
  • Электрлік двигатель — 1832 жыл, Уильям Стургеон, Ұлыбритания.
  • Металл детекторы — 1920 жылдардың соңы, Герхард Фишер, Германия-Америка  Құрама Штаттары.
  • Детонатор — 1865 жыл, Альфред Нобель, Швеция.
  • Дайын түрдегі балалар тағамы (Детское питание) — 1927 жыл, Дороти Гербер, Америка Құрама Штаттары.
  • Джинсы — 1873 жыл, Леви Штраус, Джекоб Дейвис, Америка Құрама Штаттары.
  • Дизель — 1892 жыл, Рудольф Дизель, Германия.

Жеміс

Банан қайдан келді?

 

Банан — тарихтағы ең ежелгі жеміс. Көне заман адамдары бананды ерекше қадірлеген.

Банан әуелі Оңтүстік Азияда пайда болып, ғасырлар көшіне ілесе отырып батыс пен оңтүстікке тараған деп есептеледі.

Мұсылмандар бананды жұмақ ағашы деп санаған, ал үндістер оған кәдімгідей табынған.

ХVІ ғасырдың бас кезінде священник Томас де Берланге Жаңа Әлемге (яғни Америкаға) банан түбіртектерін әкелген. Ол осы әрі дәмді, әрі алтындай жарқыраған жеміс арқылы үндістердің жүрегін жаулап алып, кейін өз дініне кіргізуді ойлаған. Сөйтіп, осы түбіртектерден мыңдаған гектарларға созылған банан плантациялары пайда болып, олар қазір де Американың тропикалық аймақтарында еркін көсіліп жатыр.

Үндістер бананды әрқилы жолдармен пайдалануды үйренді. Айталық, бананды көк балауса кезінде қуырып, нан орнына жейді. Көкөніс тәрізді қайнатып, бұқтырады, жемістер тәрізді кептіреді, тіпті алкогольді ішімдіктер де жасайды.

Біз әдетте банан ағашта өседі деп есептейміз. Ал расында олар бұталарда, яғни діңсіз тал-шілік бұталарда өседі. 3,5 метрден 9 метрге дейін жететін өсімдік сабағы шынында да ағаш діңі тәрізді көрінеді, бірақ бұл бар болғаны қатты жапырақтар шоғыры ғана.

Әрбір бұтада бананның салмағы 45 килограмға дейін жететін бір шоғыры өседі. Әдетте бананды көк күйінде жұлады, себебі ол әбден піскен кезінде бұтада тұрған күйі өз-өзінен жарылып кетеді.

Бананды арнаулы кемемен тасымалдайды. Себебі ол пісіп кетпес үшін үнемі салқын желдің өтінде болуы керек.

 

Оқушының өлеңі

Тәуелсіздік таңы

Туымыз тұр көгімізде қыран құстай қалықтап,

Дініміз тұр жүректерде шапағатпен шарықтап.

Тіл мен салты төрге шықты халқымыздың мәңгілік,

Шырқалады әнұраным азаттықты анықтап.

 

Ал-Мұхаддин ТҰРДАЛИН,

№39 орта мектептің оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Күз

Көбелекше ұшады

Жапырақтар сан қилы.

Аспанды бұлт құшады,

Жаңбыр исі аңқиды.

 

Қайың, терек қарады,

Алтын сырға тағынып.

Құстар ұшып барады

Жылы жаққа ағылып.

Райса НАСАН,

Бөгетсай орта мектебінің 6-сынып оқушысы.

Хромтау ауданы.

 

Менің елім

 

Егеменді Қазақстан тірегім,

Әрқашанда сен деп соғар жүрегім.

Балғын шақтың балаң жырын арнап мен,

Өзіңді әр кез бақытты етіп жүремін.

 

Данияр БАЙДРАХМАНОВ,

Еңбекту орта мектебінің оқушысы.

Әйтеке би ауданы.

Сөзжұмбақ

БІР ӘРІПТЕН БАСТАЛЫП…

 

Қ азақстан

Қ аламсап

Қ уыршақ

Қ арбыз

Қ асық

Қ ара

Қ аз

Қ у

1. Біздің Отанымыз. 2. Жазу құралы. 3. Ойыншық түрі. 4. Бақша өнімі. 5. Ас ішетін құралы. 6. Түс атауы. 7. Үй құсы. 8. Айлакер.

Құрастырған Дәулет ҚОРТПАНОВ,

Қарашоқат орта мектебінің оқушысы.

Шалқар ауданы.

 

Мен салған сурет

Бір қолшатыр. Қанша бала?

Суретті салған Аяулым ЕРТАЙ,

Қарашоқат орта мектебінің 2-сынып оқушысы.

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button