Жаңалықтар

Дәрігерлер қоғам дертіне қарсы

Кеңес отырысы

Сәрсенбі күні Amanat партиясы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда денсаулық сақтау саласындағы заңбұзушылықтар қаралды.

Жергілікті мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, белсенділерден құралған кеңес отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Түлкібаева салаға қарасты барлық мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиялардың жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

— 2015 жылдан бері басқарма басшысының электронды блогы бар. Сенім телефоны жұмыс істейді. Барлық өтініштер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген мерзімдер мен тәртіпке сәйкес қаралады.

Былтыр барлығы 918 өтініш қаралды, оның 655-і жеке тұлғалардан, қалған 263-і заңды тұлғалардан түсті. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы шағымдар түскен жоқ.

Жасыратыны жоқ,мемлекеттік сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көп кездеседі. Бірақ соның алдын алу үшін басқарма мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға үнемі көңіл бөледі.

Бүгінгі таңда халыққа медициналық көмекті 56 медициналық ұйым көрсетеді. Солардың арасында тек 2 мемлекеттік қызмет ішінара қағаз жүзінде жүргізіледі, — деді ол.

Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының өкілі Қарлығаш Құрманғазина қоғам дертіне айналған жемқорлықты анықтау үшін ғимаратта арнайы жәшік орнатылғанын, бірақ оған 2022-2023 жылдары бірде-бір шағымның түспегенін айтты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button