Білім

І орын — №51 мектеп-гимназияда!

Турнир

Өткен сенбіде «125 AKTOBE» жеке мектебінде Ақтөбе қаласының 155 жылдығына және Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «125 CUP II» атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты — жастардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, оқушылар бойында патриоттық және азаматтық қасиеттерді дамыту, құқықтық ақпараттық сауаттылығын арттыру.

Аталған сайысқа 32 фракция бойынша 64 спикер қатысты. Олар— Ақтөбе қаласындағы №6, №69, №2, №51, №32, №64, №24, №41, Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі және М.Құсайынов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары.

Турнир барысында оқушылар «Әлемнің проблемасы — Еуропаның проблемасы емес, Еуропа проблемасы — әлемнің проблемасы», «Тәуелсіздікке жетуге қарағанда, оны ұстап тұру қиын», «Ұлы географиялық ашулар тарихи құрбандықты күшейтті», «Ұстаздық — мансап емес, миссия», «Ұнатқан іспен айналысуға қарағанда, істеп жатқан істі  ұнату нарративін қолдайды» тақырыптарында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды №51 орта мектеп-гимназиясының оқушылары Жұлдыз Сәрсенбай мен Ақгүл Вадимова жеңіп алды. ІІ орынды осы мектептің оқушылары  Исламбек Медеубай мен Арыстан Садыбеков иеленсе, ІІІ орынды №41 мектептің оқушысы Әбілмансұр Сүлейменов,«125 AKTOBE» жеке мектебінің оқушысы Нұрбақыт Асылбеков, Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің оқушылары Дастанбек Мамажанов пенБағлан Өтесін өзара бөлісті. Ал «ең үздік спикер» атағы М.Құсайынов

атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Айдын Қабидоллаға берілді.

Жеңімпаздар Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының арнайы Алғыс хаттарымен, сондай-ақ кубокпен марапатталды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button