Жаңалықтар

Берген уәделер орындалады

Amanat

Amanat партиясының Ақтөбе облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы қалай іске асып жатыр? Аталған партияның облыстық филиалы ғимаратында жауапты сала басшылары есеп берді.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, жергілікті мәслихат депутаттары, құзырлы орган мен БАҚ өкілдері қатысқан жиында әуелі аталған бағдарламаның жай-жапсары айтылды.

— Бағдарлама қабылданған 1 жылға жуық уақытта сайлауалды берген уәделер біздің назарымыздан түскен жоқ. 

Жол картасында барлығы 135 тармақ қарастырылған. Соның ішінде 115 тармақ бойынша 2023 жылы орындау индикаторлары көзделген. Қалған 20 іс-шараның орындау мерзімі кейінгі жылдарға жоспарланған.

Өткен жылға жол картасындағы жоспарланған 115 іс-шараның 98-і, яғни 85,3 пайызы орындалды, — деді Amanatпартиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов.

Айталық, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатовтың дерегінше, жол картасын іске асыруға 5 жыл ішінде шамамен 1,9 триллион теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.

— 2023 жылға жол картасын іске асыруға 147 миллиард теңге қарастырылды, соның ішінде жергілікті бюджеттен — 83 миллиард теңге, республикалық бюджеттен — 53 миллиард теңге, жеке инвестициялар есебінен — 11 миллиард теңге.

Өткен жылыжол картаның барлық бағыты бойынша жергілікті бюджеттен қаражат толық көлемде аударылды. Алайда соның өзінде  17 жоба орындалмаған.Басқармалардың деректері бойынша қаражатты игермеудің негізгі себептері — кейбір мердігерлердің білім беру, спорт, денсаулық сақтау, инженерлік коммуникациялар нысандарын салуда жұмысты кешіктіруі. Мысалы, Ақтөбе қаласында мүгедектерге арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы былтыр аяқталуға тиіс болатын. Қаражат жағынан ешқандай мәселе жоқ.

Сот талқылауларына және сапасыз жоспарлауға байланысты Қарғалы ауданына қарасты Бадамша ауылындағы спорт кешені құрылысы да ұзаққа созылды.

Биылға келетін болсақ, біз жобаларды барынша қолдауға дайынбыз. Облыстық басқармалар және аудан әкімдіктерібюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттардың толық топтамасын ғана ұсынуы қажет, — деді ол.

Ал облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында былтыр өз саласы бойынша 3 құрылыс, 5 күрделі жөндеу, 30100 іс-шара және 7 киелі жерге өлкетану экспедицияларын өткізу жоспарланғанын атап өтті.

2023 жылға Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылындағы клуб ғимаратын қайта жаңғыртуға, Хромтау ауданы Дөң ауылындағы және Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылында 150 орындық Мәдениет үйін салуға барлығы 468,7 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Қаратоғай ауылындағы клуб құрылысы аяқталды. Қалған екі нысан шарт бойынша осы жылы аяқталуы керек.

Сондай-ақ бюджеттен бес ауылдық клубқа күрделі жөндеу жүргізуге 432,6 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде Әйтеке би ауданындағы Целинник Мәдениет үйі,  Алға ауданында 4 бірдей ауылдық клубтарға (Тамды, Тікқайың, Тоқмансай, Маржанбұлақ ауылдарында ) жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Қазіргі таңда Целинник Мәдениет үйі және Алға ауданы бойынша Тамды, Тікқайың, Тоқмансай ауылдарында күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Биыл атқарылатын жұмыстарға келсек, Қаныш Сәтбаевтың, Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығы,  Әбдіжәміл Нұрпейісовтың, Бердібек Соқпақбаевтың, Рәбиға Сыздықованың, Сара Мыңжасарованың 100 жылдықтарына арналған іс-шаралар жоспарланып отыр. 2024 жылы Ақтөбе облысынан шыққан тұлғаларды дәріптеу, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар саяси-көпшілік 30150 іс-шара өткізіледі, — А.Юнисова.

Отырыс барысында өзге де салалар бойынша есеп беріліп, алдағы жоба-жоспарлар айқындалды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button