Ауыл

Жанармай құю бекеті ашылды

Байғанин ауданында «Qazaq Oil» жанармай құю бекеті ашылды.

Ел игілігі үшін пайдалануға берілген нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Айбек Көпенов қатысты.

Аудан орталығы үлкен жолдың бойында орналасқан. Сол себепті мұнда халыққа қызмет көрсету орындарының көбірек ашылғаны маңызды. Бұл халықтың әл-ауқатының артуына, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне де септігін тигізеді, — деп Айбек Көпенов шараға жиналған жұртшылықты жаңа бекеттің ашылуымен құттықтады.

Халықаралық маңызға ие Ақтөбе-Астрахань тасжолы бойында орналасқан жанармай бекетінің жалпы аумағы — 1 гектар.

— Біздің мақсат — аудан тұрғындары мен жолаушыларды сапалы жанармаймен қамтамасыз ету. Жобаның жалпы құны — 350 миллион теңге, — дейді жеке кәсіпкерАсылбек Жалғасбаев. Ол мұнда 12адамды жұмыспен қамтып отыр.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button