Ауыл

Кәсіпкерлер көбейіп келеді

Бүгінде Ырғыз ауданында 773 жеке кәсіпкер бар. Былтыр «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Ырғыз ауданы бойынша филиалы ауыл кәсіпкерлеріне шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуға қатысты бірнеше басқосу өткізіп, «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында кәсібін жаңа бастаған азаматтарға қолдау көрсетті.

Аталған филиалдың директоры Гүлнәр Шәмиеваның айтуынша, өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша ауданда жалпы саны 86 жобаға 638,2 млн теңге қаржы рәсімделген. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасының екінші бағыты бойынша инфрақұрылым жүргізу мақсатында екі кәсіпкердің жобалық-сметалық құжаттары мен бизнес-жобаларын жасақтауға қолдау көрсетілген.

Қазіргі таңда ауданымызда жеке кәсіппен айналысатын жалпы саны 1113 субъект бар. Оның 55-і заңды тұлға болса, 285-і — шаруа қожалығы, 773-і — жеке кәсіпкер. Былтыр ауыл кәсіпкерлеріне «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында сервистік менеджер-кеңесшілер 1140 қызмет көрсетті. Сондай-ақ бүгінде ауыл кәсіпкерлері services.atameken.kz порталы арқылы қажетті қызмет түрін алуға мүмкіндігі бар. Былтыр «Еңбегі жанған арулар» атты аудандық іскер әйелдер форумы мен «Бір ауыл — бір өнім» көрмесінде ауданымыздың кәсіпкерлері өз өнімдері мен жасаған бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Бұдан бөлек былтыр «Ауыл аманаты» жобасы аясында ырғыздықтар жаңа кәсіп бастап, бүгінде өз жұмысын жүргізіп отыр. Жобаның арқасында ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Мәселен, жуырда ауданымызда «Бекнұр» техникалық жөндеу орталығы ашылды. Бұрын Ырғыз ауылында мұндай орталық болған жоқ, — дейді филиал директоры.

Айта кету керек, былтыр аудан орталығы Ырғыз ауылында бірнеше нысан ашылды. Олардың қатарында «Матғам» кафесі, ветеринарлық дәріхана, «Керуен» кемпингі, дөңгелек жөндеу және техникалық қызмет көрсететін орталық бар.

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button