БілімБасты жаңалықтар

Ұлттық тәрбие — сапалы білім негізі

Ел егемендігін алғаннан кейін қазақ тілінде білім беретін білім беру ұйымдарының саны артты. Кеңес дәуірінде Ақтөбе қаласында екі қазақ орта мектебі ғана жұмыс жасаған болатын. Қазіргі көрсеткіш — 47 мектеп. Тәуелсіздік алған алғашқы жылы оқушылардың тек 40 пайызы ғана қазақ тілінде білім алған, қазір бұл көрсеткіш 76,4 пайызға жетіп отыр. Құрылысы жаңадан салынып, ел игілігі үшін пайдалануға беріліп жатқан білім шаңырақтарының басым бөлігі — қазақ мектептері. Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық құндылықтар дәріптелуде. Бір ғана мысал — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биылғы оқу жылынан бастап «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді. Адами құндылықтарға негізделген бірыңғай тәрбие бағдарламасы негізгі үш бағыт — «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» құндылықтары бойынша жүзеге асырылып жатыр. Біз мереке қарсаңында білім саласындағы жетістіктер мен қолға алынған жұмыстар туралы білмек ниетпен облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанмен әңгімелескен едік…

Ұлттық білім беру жүйесі және мемлекеттік тіл

— Ел тәуелсіздігін алған жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық негізі, әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланған қазақстандық білім беру жүйесі қалыптасты. 32 жылдық тарихта білім саласы бірнеше кезең бойынша дамыды. Бастапқы үш жылда білім беру саласының заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасы қалыптасты. Одан кейін білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңартуға күш салынды. 90-жылдардың аяғында, 2000 жылдардың басында білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру мәселелеріне айрықша мән берілді. Кредиттік жүйе мен тегін оқу гранттары жыл сайын көптеп бөлінуде. Соның арқасында білім беру жүйесі нарықтық экономикаға бейімделді. Бүгінде білім саласы жаңа кезеңге — инновациялық дамуға бейімделді, тәуелсіздіктің арқасында ұлттық білім беру жүйесі қалыптасты, — дейді Жайық Исаұлы. Бүгінде өңірде 254 183 баланы қамтитын 1112 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. — Тәуелсіздік алған алғашқы жылы оқушылардың тек 40 пайызы ғана қазақ тілінде оқыған, қазір олардың саны 76,4 пайызға жетіп отыр. Өңірде қазір 403 мемлекеттік мектеп бар. Оның 272-сі (67,4 пайыз) — қазақ, 19-ы (4,7 пайыз) — орыс және 112-сі (27,7 пайыз) аралас тілде білім береді. Қазақ тіліндегі мектептердің үлесі — 67,4 пайыз. Бұл білім шаңырақтарындағы жалпы оқушылар саны — 167 730 бала. Қазақ тілінде 128 245 (76,4 пайыз) оқушы оқиды. Орыс тілінде білім алатындардың үлесі — 39 485 бала (23,5 пайыз), — дейді басқарма басшысы.

Балабақша саны артты

МДҰ саны 68-ден 605-ке жетті

Тәуелсіздік алған бастапқы жылдары мектепке дейінгі білім беру саласында біраз мәселелер туындағаны рас. Балабақшалар жабылды. Біраз ғимарат жекешеленіп кетті. — 90-ыншы жылдары өңірдегі 433 балабақшаның 85 пайызы немесе 370-і жекешелендірілген болатын. Жалпы, 1999 жылға қарай облыста небары 68 балабақша болды. Облыстағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі 2006 жылдан бастап қайта жандана бастады. Бұл саладағы қордаланған мәселені шешуде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының шарапаты зор болды. Алғаш рет республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға барлық меншік нысанымен мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін нысаналы трансферттер бөлінді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының көпшілігі 2010 жылдан бастап ашыла бастады. Облыста 2010- 2020 жылдар аралығында 37 мыңнан астам орынға арналған мектепке дейінгі 478 ұйым пайдалануға берілген екен. Жекенің қолындағы бос ғимараттар мемлекет меншігіне қайтарылып, заман талабына сай жабдықталды. Соның арқасында жүздеген мектепке дейінгі мекеме ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Қазіргі таңда өңірде 605 балабақша (!) жұмыс жасайды. Бұл білім беру мекемелерінде 46 078 балдырған тәрбиеленуде. Егемендік алғалы бері қазақ тіліндегі мектепке дейінгі ұйымдар саны да артты. Кеңес дәуірінде мемлекеттік тілде білім мен тәрбие беретін балабақша саны 23 болса, қазіргі көрсеткіш — 477, — дейді Жайық Сұлтан. Мемлекеттік және жекеменшік серіктестікті дамыту мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуына сеп. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың арқасында жеке балабақшалардың саны артты. Биыл 3144 жаңа орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылып, балабақша желісі 31-ге артқан. Нәтижесінде 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 89,8 пайызға (2022 ж. — 87,3 пайыз) жетті. Ал 2 мен 6 жас аралығындағы балапандардың 93,1 пайызы (2022 ж. — 92,7 пайыз) балабақшаларға барып жүр. Алдағы жылы орын тапшылығын жою мақсатында 25 балабақша ашу жоспарланып отыр екен. Соның арқасында 2500 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылмақ. — Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын жүргізіледі (2024 жылы — 56, 2025 жылы — 56 мектеп). Биыл 92 мектепке 158 жаңа модификациялық кабинет алынды. 2024-2025 жылдары 254 кабинетке жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр. Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары толықтай бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілді. Жедел басқару орталықтарына қосылған мектептердің үлесі — 174 ғимарат. Алдағы жылы жедел басқару орталықтарына қосылатын ұйымдар санын 2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Үш ауысымды, апатты, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешу мақсатында 2025 жылға дейін 44 жаңа мектеп салу (24 390 оқушы орнына арналған) жоспарланып отыр. Биылдың өзінде 5270 орынға арналған 22 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл аяғына дейін 1090 орынға 2 қосымша құрылыс және 4 мектеп пайдалануға беріледі. Айта кету керек, мектептерді іске қосу барысында кадр мәселесі де кезең-кезеңмен шешіледі. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен 100 грант бөлінсе, соның 40 пайызы педагогикалық мамандыққа беріліп отыр, — дейді Жайық Сұлтан. Оның айтуынша, бастауыш сыныпта білім алатын 86 595 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Білім сапасын арттыру — басым бағыт Өңірде оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған бірнеше жоба іске асырылып жатыр. — Педагогтердің біліктілігі білім сапасына тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. Биыл 7602 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Келесі жылы 4 мыңнан астам педагогтің біліктілігі арттырылатын болады. 14 мектеп директорының орынбасары «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында білім алуда. Қала мен ауыл балаларының арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою мақсатында жаңа шешімдер қабылданды. Мысалы, үздік мектептерге ауыл мектептері шефтік қамқорлыққа берілді. 30 үздік ауыл мектебі анықталып, іс-тәжірибесі таратылды. «Ауыл мектебі — үздік білім сапасы» бағдарламасы әзірленіп, «Сапалы білім» жобалық кеңсесі іске қосылды. Былтыр қала және ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту бағытында «Bilim ALL» жобасы іске қосылғаны белгілі. Жобаның тиімділігі нәтижесінде қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығы 15 пайыздан 10,3 пайызға төмендеді (4,7 пайыз), — дейді Жайық Исаұлы. арнайы санаттардағы отбасылардан шыққан 6000-ға жуық (өткен жылы бұл санаттардағы 1663 бала 70 пайыздық жеңілдік алған болатын) балдырған тегін тамақпен қамтылып жатыр. Биыл облыстағы 7 жетекші балабақша жұмыс тәжірибесімен және инновациялық идеяларымен алмасудың құзыреттілік орталығына айналды. Тәрбиешілердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша да ауқымды жұмыс атқарылды. 1139 мектепке дейінгі ұйым педагогі біліктілікті арттыру курсынан өтті (2022 жылы 495 педагог курстан өткен-ді). Биыл 177 балабақшаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды, келесі жылы 140 балабақша жабдықталатын болады, — дейді басқарма басшысы.

Мектеп құрылысының қарқыны

Жайық Исаұлының айтуынша, тәуелсіздіктің арқасында орта білім беру саласы да едәуір дамыды. — «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп салынады. Оның 14-інің құрылысы биыл басталып та кетті. Мемлекет басшысының шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде мың мектепті заман талабына сай стандарттар бойынша жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында қазіргі күні облыста 170 ауыл мектебі жаңғыртылды. 2025 жылға дейін 112 мектепке (2 миллиард теңге) жаңғырту жұмыстары жүргізіледі (2024 жылы — 56, 2025 жылы — 56 мектеп). Биыл 92 мектепке 158 жаңа модификациялық кабинет алынды. 2024-2025 жылдары 254 кабинетке жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр. Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары толықтай бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілді. Жедел басқару орталықтарына қосылған мектептердің үлесі — 174 ғимарат. Алдағы жылы жедел басқару орталықтарына қосылатын ұйымдар санын 2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Үш ауысымды, апатты, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешу мақсатында 2025 жылға дейін 44 жаңа мектеп салу (24 390 оқушы орнына арналған) жоспарланып отыр. Биылдың өзінде 5270 орынға арналған 22 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл аяғына дейін 1090 орынға 2 қосымша құрылыс және 4 мектеп пайдалануға беріледі. Айта кету керек, мектептерді іске қосу барысында кадр мәселесі де кезең-кезеңмен шешіледі. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен 100 грант бөлінсе, соның 40 пайызы педагогикалық мамандыққа беріліп отыр, — дейді Жайық Сұлтан. Оның айтуынша, бастауыш сыныпта білім алатын 86 595 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Білім сапасын арттыру — басым бағыт

Өңірде оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған бірнеше жоба іске асырылып жатыр. — Педагогтердің біліктілігі білім сапасына тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. Биыл 7602 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Келесі жылы 4 мыңнан астам педагогтің біліктілігі арттырылатын болады. 14 мектеп директорының орынбасары «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында білім алуда. Қала мен ауыл балаларының арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою мақсатында жаңа шешімдер қабылданды. Мысалы, үздік мектептерге ауыл мектептері шефтік қамқорлыққа берілді. 30 үздік ауыл мектебі анықталып, іс-тәжірибесі таратылды. «Ауыл мектебі — үздік білім сапасы» бағдарламасы әзірленіп, «Сапалы білім» жобалық кеңсесі іске қосылды. Былтыр қала және ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту бағытында «Bilim ALL» жобасы іске қосылғаны белгілі. Жобаның тиімділігі нәтижесінде қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығы 15 пайыздан 10,3 пайызға төмендеді (4,7 пайыз), — дейді Жайық Исаұлы.

Жаңа оқу жылынан бастап «Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту» жобасы жүзеге асырылып жатыр. «Қазақстан халқына» қорының есебінен шағын жинақты ауыл мектептері 5 млрд теңгеге жабдықталды. Облыстың 12 тірек мектебі әрқайсысы 250 млн теңгеге жаңартылып, 36 магниттік мектепке жетекшілік жасайды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button