Әдебиет

Таңдау Сағи мен Сараға түсті

«Оқитын өлке»

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Оқитын өлке» акциясын ұйымдастыру комитетінің алқа мәжілісі өтті. Оған Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері мен кітапхана директорлары қатысты.

Алдымен 2023 жылы шығармалары таңдалып алынған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, майдангер жазушы Өтебай Қанахин жылы қорытындыланып, атқарылған жұмыстарға оң баға берілді.

Одан соң алдағы 2024 жылдың «Оқитын өлке» акциясын өткізуге қатысты облыстық және аудандық кітапханалардан 17 ұсыныс түскені айтылып, осы мәселе талқыға салынды.

Жиын барысында оқырманға ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Сара Мыңжасарованың шығармаларын ұсыну жөнінде шешім қабылданды.

Енді «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, жыл бойы оқырмандар арасында аталған олардың шығармаларын насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ олардың кітаптары цифрлық жүйеге көшіріліп, облыстық, аудандық және қалалық кітапханаларға таратылатын болады.

Айта кетейік, облыстық «Оқитын өлке» акциясы 2011 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Осы кезге дейін Ғалым Ахмедов, Тахауи Ахтанов, Қуандық Шаңғытбаев, Тобық Жармағамбетов, Өтежан Нұрғалиев, Мұхтар Құрманалин, Өтебай Қанахин, Сәбит Баймолдин, Қажығали Мұханбетқалиұлы, Есенбай Дүйсенбайұлы, Мейірхан Ақдәулетұлы сынды белгілі қаламгерлердің шығармалары оқылды.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button