Әдебиет

Гүлсамал АЙМАХАНОВА

Гүлсамал Аймаханова 1961 жылы 21 қарашада Шалқар ауданында дүниеге келген. 1985 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Алға және Мұғалжар аудандық газеттерінде бастап, 1988-1989 жылдары Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағымузейдің ғылыми қызметкері болды. Одан соң ұзақ жылдар бойы облыстық телерадиокомпаниясында редактор қызметін атқарды. «Ақтөбе» энциклопедиясының ғылыми қызметкері, «Нұрдәулет» газетінің бас редакторы болып еңбек етіп, кейін аударма ісіне ауысты.

«Көкемарал» (2000 жыл), «Еңлікгүл» (2008 жыл) жыр жинақтарының авторы. Сондай-ақ өлеңдері жас ақындардың «Мерейлі мекен» жинағына, «Жәдігер» атты Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясына енген.

Жазушылар одағының мүшесі. Бірқатар әндер мен ән мәтіндерінің авторы. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

Рух

Тіршіліктің

құпиясын ұғар кім,

Мыңнан бірін

Біліп жүрген шығармын?

Жауындатып,

дауылдатып…

бір күні

Сыр бұлағын

Сарықпастан тынармын.

Тұнық таңның

шырынына құмармын,

Шығандатсын,

мезі қылып мұнар күн.

Жайып салып жүрегімді құрбыға,

Жаралансам, жанның жасын бұлармын.

Тірлігімде амандасып тұрармын,

Бауыр тартса,

бүйрегімді бұрармын.

Талайына

тап келтірсе тағдыры,

Пейілімді тар қолтықта сынармын.

Адамдықтың

хақ тауына шығармын,

Шыңын сүйіп аялаған нұр-ардың.

Мәңгі мұздың

жасқанбаймын кәрінен,

Жасылындай иілмейтін шынардың.

Жаңылмасам құзырында тұманның,

Күйін құшпай қидаланған құланның.

Өкінішсіз өмір кешсем, дариға,

Шапағаты шарпып Иман-тұмардың.

…Рух сырынан үмітті Гүл-Ұланмын!

Көкемарал 

І

Көкемарал майда лебi еседi,

Ай толқыны көл бетiнен көшедi.

Түн тоңдырып, қатуланған шеберi…

Таң демiмен сабасына түседi.

 

Түндiгiнде сам жұлдызы түрленер,

Тал-терегi өндiрдейiн бүрленер.

Сәулесiмен сиқыршыдай үрлеген…

Тiршiлiкке жан бiтiрiп Күн келер.

 

Дала түлеп, топырағы бусанды,

Шық ойнады жазықтықта жусанды.

Елең-алаң тамылжыған құс әнi…

Табиғаттың шолпысына ұқсады.

 

Шартараптың ақжелеңi дөңгелеп,

Көркi қырдың толықсыған керемет.

Оянғанын дүниенiң дүрiлдеп

Сезу үшiн көкiрекке көз керек!

ІІ

Көктем туар іңгәлап бесігінде,

Көзін ашар мүлгіген кешірім де.

Пәк нәресте талпынса жөргегінде,

Ұмытылар сейіліп өкпе мүлде.

 

Жер-Ананың тамаша көктемінде,

Өктем жүрген еске алар тәубесін де.

Көкемарал көзайым көппен күлген,

Саумал самал… нәзікен өпкенінде!

ІІІ

Аппақ ғалам аласұрған,

Қайда бейнең кешегi?

Жаратылыс — жұмбақ тұнған,

Қиял-ғажап ертегi!

 

Бала бұлақ еркелеген,

Сақ-сақ етiп күледi.

Жер-Ананың емiренген

Лүп-лүп соқты жүрегi.

 

Сыр самалы — сезiм сазы…

Жазираданесiлдi.

ЖаймашуақКөктемназы…

Дидарымнанжелпiдi.

 

Табиғаттыңкүйсандығы

Жыртөгетiнсекiлдi.

Шырқа, биле! Көңіл разы,

Көкемаралкөктемі!

ІV

Шашақтаныпшуақ,

Бұлқынадыбұлақ.

Тебiренiптiлек,

Жалындадыжүрек!

 

Таңырқатыптаңым,

Жадырадыжаным.

Сәулеленiпсезiм,

Күлiмдейтiнкезiм.

 

Сараланып сырым,

ЖiгерлендiЖырым!

Сүйiндiрiпсәнiм,

Әлдиледiәнiм!

 

БалбыратыпБақыт,

УылжыдыУақыт!

ШашулатыпШаттық,

ЖарқылдадыЖастық!

 

Көрiктенiпкүндер,

Тамылжыдытүндер.

Үздiктiрiпүндер,

Үлбiредiгүлдер.

 

Дүбiрлетiпдуман,

Алауладыарман.

Салтанаттысайран,

Жапырағынжайған.

 

Өрекпiтiпөмiр,

Күмбiрледiкөңiл.

Ардағымдайасыл,

Желбiредiжасыл!

 

…Көгілдірімкөркем —

Көкемарал-Көктем!

Көкшіл-жасылкілем —

Әп-әдеміәлем,

Қарақаткөзқыздан…

Сағынышты сәлем!

Қазақ жұрты

Кеше:
Қазақ жұрты кешегі қандай едік?

Жарқыраған жұлдыздай, шамдай едік.

Сәуірдегі сәруар сәресіде…

Жан-жүрекке нәр берген балдай едік.

Қайыспайтын көштегі Нардай едік,

«Жоқ» кезде де шүкіршіл, «бардай» едік.

Арға жанын қиятын садағаға,

Боркемікке бұзылмас жардай едік.

Бұрын біздің Қазекең елшіл еді,

Тал бесікте Ту тіккен жершіл еді.

Байтақ үшін күрескен хан, батырлар…

Бабалардан батылдық еншіледі.

От пен оққа майданда қақтап жанды,

Талай толқын өткерді «ақтабанды».

Неше ғасыр алысып дұшпанымен,

Ұрпақ үшін ел, жерін сақтап қалды.


Бүгін:

Бүгін қандай жалғасы батырлардың,

«От ауызды, орақ тіл» ақындардың?

Жүрегінде Намыс пен Рухы бар ма

Көкбөріден жаралған ұрпақтардың?

Бойымызда тектілік сақталған ба,

Күн көзінде зердеміз қақталған ба?

Ауыл-үйден ұзатпай күйбең тірлік,

Күнкөріспен қайсарлық тапталған ба?

Кеше қандай болдық біз, қазір қандай?

Ел еңсесі биік пе, ашық маңдай?

Бөтендердің алдында кей ағайын

Кібіртіктеп тұрады жасық жандай.

Қайыспайтын сынаққа қара нардай,

Рухы бар ма жұртымның жанартаудай?

Қазағымның қайсар, өр жас толқыны…

Болашақпен қауышсын жарық таңдай!

…Қазақтар, алға!

Сұңқардай самға,

Самғаудан талма,

Көшіңнен қалма.

Қазақтар, алға!

Ата мен Бала…

Көпірін жалға.

Қырандар, алға!

 

Сырымды айтсам…

Дарабоз ақын Төлеужан Ысмайылов рухына

 

Сырымды айтсам… іркілмей, хас Ақынға,

Сезінемін болмысын жақын жанға.

Жан Анаммен бір жылы туған екен,

Отыз төртте «қош» деген бұл жалғанға.

 

Адам мұқтаж Тәңірдің рақымына,

Асулар көп кедергі Бақ шыңына.

«Аһ» ұрғызған, жеткізбей орта жолға…

Амал бар ма құдірет жазмышына?

 

Жылжып уақыт, дүбірлеп күн… айлар да,

Жүйрік мезгіл өткенге қарайлар ма?

Жер бетінде мәңгілік қозғалыспен…

Жүз қуарып, ағарған самайлар да.

 

Табын салып замана шарайнаға,

Тосын сипат орныққан айналаға.

Сексен деген сеңгірдің елесімен…

Пейіш жақтан мұңайып, қарай ма Аға?

 

Абыралы аспанын сағынды ма,

Аллаға бір «Дат!» айтып, шағынды ма?

Күншығыстан атойлап отты Жыры

Күннен бұрын орады таңды нұрға.

 

Кіндігінен жұмыр жер айналғанда,

Қан базары Өмірдің қайнағанда,

Қанатында құстардың күй шалқиды

Қара өлеңмен сыр бағы жайнағанда.

 

«Кіндік кесіп, кір жуып» ауылдарда,

Шынықтырып төзімді дауылдарда,

Қасиетті Даланың ұландары…

Жыр жазады селдетіп жауындарда.

 

Ыстық жүрек кеудеде дамылдар ма,

Тағдыр сынын күрессіз қабылдар ма?

Қиянаттың жалауы желбіресе,

Ақиқаттың алауы жалындар ма?

 

Не сезінді, не түйді қайран Аға?

Бір-ақ күнде оралып ақ Қайнарға,

Айырбастап қаламын ақ таяққа,

Сіңе берді бозғылтым сағымдарға.

 

Мойынсынып тағдырдың тоқпағымен,

Ақын кетті малшының соқпағымен.

Қамал бұзар Қырықта тынып іштен…

Есіл жанды есіркеп, жоғалды Өлең.

 

Қой соңында сабылып, жазбады Өлең,

Қан жылатып жүректі, маздады Өлең.

Құлдыраған жұлдызы Көктен қапыл…

Қыр басында мертігіп, боздады Өлең.

 

Келер күннен үмітті болғанымен,

Көкіректі кернеген… тоқтады Өлең.

Көкжиектен таң туып, мәңгілікке

Көз ілгенде Ақынын жоқтады Өлең.

 

Бауырлар-ау, Жыр қайда?

Ақын қайда?

Төлеужандай жұртыма жақын қайда?

Өзектерді өртеген сырлы сөзбен…

Бір арысын Алматы сағынбай ма?

 

Тіршілікте шүйлігіп Абайға да,

Тіс батырған тобырлар талайларға.

Туажаттар жеріген қайнарынан,

Тексіздерді толтырды сарайларға.

 

Сын емес пе ел-жұрттың енжарлығы,

Сұраусыз ба Жер-Көктің кең-тарлығы?

Сыздамай ма жүрегі мейірімнің

Сезілгенде пейілдің кемтарлығы?

 

Өр Ақынның мұрасын кім іздейді,

Сыр-сипатын түйсініп, зерделейді?

Жапырағын жоғалтқан… жыламсырап,

Қарағаштың бұтағын күз демейді.

 

Дүниенің төрі — тар, жиегі — кең,

Шетсіз-шексіз тұңғиық… түбі — терең.

Тіршілікте түрліше күй кешетін

Бақилықта пенденің кемесі — тең.

 

Тұнып тұрған қазақы парасаты,

Толғандырды ғибратты назым-хаты.

Тебірентіп ұрпағын Ақын Рухы,

Таңсәріде жаңғырды ардақты аты!

 

…Селт еткізіп сырымен сезімталды,

Дір еткізіп Жырымен өрімталды,

Әлдилеген өлеңмен Өнер көгін…

Ұмытпайық, ақберен Төлеужанды!

Ұмытпайық, қазағым, Төлеужанды!

 

Еңлікгүл

Жүрегім селт етпестей жалқы күндер,

Жанарым құрғамастай талқы түндер.

Жанымның жұбанышы сезіледі,

Жәудіреп, қауыз жарған нәзік гүлдер.

 

Еңлікгүл…

Күлімдеген көздерімдей,

Құмартқан сұлулыққа кездерімдей.

Елітіп, еріп шығып, шым тереңнен

Балқытқан бойтұмарды сөздерімдей.

 

Көгілдір көкшесіндей көрік-түздің,

Уылжыр сезімдері елік-қыздың.

Үздіккен күй толқыны үндеседі,

Бүрімен үлбіреген Еңлікгүлдің.

 

Еңлікгүл…

Елжіреген еркем менің,

Сыр шертіп, көкжиекке жетеледің.

Керімсал самалымен мың бұралып,

Төрінде жайлауымның тербелесің.

 

Сәулесін сағынамын шуақ-күннің,

Жамылып жұлдыздарын жұмақ-түннің.

Тылсымы билегенде дүниенің

Тіледім тіл қатқанын жібек-үннің.

 

Мөлт тамшы бұлағында толы қырдың,

Күн сайын Таң-Шолпанын тосып жүрмін.

Сарғайған сабағыңмен сары күзде,

Мұңайған сарыныңмен сұрша кеште…

Бейдауа үскіріктен шошындырдың.

 

Тамыры солмайтындай Еңлікгүлдің,

Тағдырлас сыңарыма теліп жүрдім.

Періште балалықтың қоштасқанын…

Жастықпен қол алысып, бір-ақ білдім.

 

Қылтиып көңілімде көктеген күн,

Балауса, толған айдай көркем едің.

Алтайы ханшайымы табиғаттың,

Мәңгілік қайырмасы Көктемдердің…

Еңлікгүл!..

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button