Ресми

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы 2023 жылғы                       18 қазанда сағат 10.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №158 «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Н.Мақсатов — экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

 

  1. Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы.

 

Хабарламашы: А.Қайыр — жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

 

  1. 3. Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясы мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы.
  2. Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы.

 

Хабарламашы: Қ.Ы.Кенжин – Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

 

  1. Облыстық мәслихат депутаты Ә.Құлдыбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

 

Хабарламашы: Н.Жүсіпов — облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Н.МАХАМБЕТОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button