Спорт

Жанарыстың жүлдесі

Дзюдо

5-6 қазан аралығында Португалияның Одивелаш қаласында жастар арасында өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Жанарыс Рахметқали жүлдемен оралды. Жеңіспен оралған балуанды жанкүйерлері Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алды.

Дүбірлі дода жастар арасында өткізілді. Оған әлемнің 80 елінен іріктелген 1200 спортшы қатысты. 66 келі салмақта ел намысын қорғаған Жанарыс қола жүлдегер атанды.

Дүбірлі дода тартысты өтті. Финалдық ойында жапондық балуанға есе жіберіп алдым. Қарсыластарым Әзірбайжан, Грузия, Эстония, Жапония мемлекеттерінің тіс қаққан спортшылары екен. 10 жасымнан бері дзюдо спортымен айналысамын. Ел намысын асқақтатып, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Маған қолдау көрсеткен ата-анама, бауырларыма және жаттықтырушыларым Талғат Рятов пен Бекжан Абдуалиевке ереше алғыс білдіремін, — дейді Жанарыс Рахметқали.

Жаттықтырушы Бекжан Абдуалиевтің айтуынша, спортшы бұл сайысқа үлкен даярлықпен қатысқан.

Әлем чемпионатында Ақтөбенің атынан үш спортшы белдесті. Өкінішке қарай, екі балуанымыз — 60 келіде Бақытжан Аман — 7-орынды, 73 келіде Алмат Әділет 5-орынды місе тұтты. Мен Жанарысты төрт жылдан бері жаттықтырып келемін. Ол табандылығының арқасында жеңіс тұғырынан көрінді. Ендігі мақсатымыз — дзюдо спорты бойынша әлем чемпиондарының қатарын арттыру, — дейді ол.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button