Ресми

Ереже

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес және   2023 жылғы 05 қарашаға тағайындалған Ақтөбе облысы Қобда, Ойыл, Ырғыз аудан  әкімдеріне  кандидаттарына облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

«Ақтөбе Медиа» ЖШС, Қобда, Ойыл, Ырғыз аудан әкімдеріне  кандидаттарынаоблыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде баспа алаңын ұсынудың төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.

  1. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см. құны — 500 теңге ҚҚС қоса алғанда.
  2. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см. құны — 650 теңге ҚҚС қоса алғанда.
  3. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын газеттер сайтына орналастыру құны 162 000 теңге ҚҚС қоса алғанда.
  4. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын газеттер сайтына баннер орналастыру көлемі 197х270 тәулігіне құны 15 000 теңге ҚҚС қоса алғанда.

«Актюбинский вестник» газеті таралымы – 4 098 дана.

«Ақтөбе» газеті таралымы – 12 700 дана.

Газеттердің шығу жиілігі аптасына 2 рет:

– сейсенбі және  жұма күндері–Д2 форматта.

  1. Қобда, Ойыл, Ырғыз аудан әкімдерінекандидаттарынаұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлау алдындағы үгіттік құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
  2. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын газет беттерінде орналастыру «Ақтөбе Медиа» ЖШС-нің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
  3. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын газеттерде жариялау үшін күтілетін жарияланым күніне дейін 3 (үш күн) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
  4. Мақалалар WORD форматында, фотосуреттер, жарнамалық макеттер jpeg, tiff, cdr (16 верс.) форматтарында беріледі.
  5. Жасалған шарт бойынша «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде орналастырылған сайлау алдындағы үгіттік материалдары үшін ақы төлеу ұсынылған шоттың негізінде, берілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

10.Сайлау алдындағы үгіттік материалдарды газеттерде орналастыру демалыс және мереке күндерінен басқа 2023 жылғы 10қазаннан бастап 2023 жылғы                             02қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Жарнама бөлімі, байланыс телефондары: 8(7132) 90-71-55, e-mail: aktobesmi@inail.ru

Р.S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Мекен-жайымыз: Ақтөбе қ. Астана ауданы, Тілеу батыр көшесі, 10 үй «Ақтас» бизнес орталығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button