Әлеумет

Еріктілер үлес қосады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске қосты.

«Антикор орталығы» алаңында еріктілермен кездескен департамент басшысы Есқали Саламатов жобаның мақсаты туралы түсіндіре келіп, белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарта отырып, түрлі қылмыстық жағдайлардың алдын алуға болатынын айтты.

— Біз еріктілермен бірге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырып, құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтап, олардың салдарын жою бойынша жұмыс істейтін боламыз, — деді ол.

Жоба аясында еріктілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер, білім беру, кәсіби көмек көрсету, корпоративтік бағыттары бойынша бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырудан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы контент жасауға қатысуға дейін өз үлестерін қосуға болатыны айтылды.

Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғамдық мониторингі, қоғамда әлеуметтік эксперименттер жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа жаңа субъектілерді тарту бойынша нақты ұсыныстар әзірледі.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button