Әлеумет

Өрттен абай болыңыз!

Жыл басынан бері облыс аумағында 318 өрт тіркеліп, өкініштісі, тілсіз жау салдарынан 9 адам қаза тапқан.

Ал материалдық шығынның көлемі 174 миллион теңгеден асады.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында айтылды. Жиында көп қабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардағы өрт қауіпсіздігі мәселесі қозғалып, журналистермен кездесуге мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Евгений Овчарский мен оның орынбасары Нұрхат Қалдыбаев келді.

Өткен жылдың тиісінше мерзімімен салыстырғанда, биыл өрт оқиғалары көбейіп тұр. Мысалы, өткен жылы 269 өрт оқиғасы тіркелген. Ал өткен жылдың тиісінше мерзімінде өрт оқиғалары салдарынан қаза тапқандар саны — 6 адам.

Биыл тіркелген өрт оқиғаларының 55,7 пайызы тұрғын үй секторында болған. Оның ішінде көп қабатты үйлерде 30-дан астам өрт шығып, 2 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған. Олардың үштен бірі — демалыс күндері (сенбі, жексенбі) болған оқиғалар.

Өрт сөндірушілер көп қабатты үйлердің тұрғындарын өртке қарсы ережелерді сақтауға, әсіресе демалыс күндері қырағы болуға шақырып отыр.

Ал өрт қаупі төнген жағдайда 101 немесе 112 құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button