Әлеумет

«Тұлға бол» жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Халықаралық жастар күні қарсаңында «Жастар — ел дамуының басты драйвері» кешенді іс-шарасы аясында Ақшат ауылында «Тұлға бол» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесі өтті.  Оған қала жастары мен әлеуметтік сала мамандары қатысты.

Жәрмеңкеде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нысанбай Серікұлы ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Жастар тәжірбиесі және жастарға арналған 2,5 пайызбен шағын несие беру қағидаттары жөнінде толыққанды ақпарат берді.

—  Жылжымалы жәрмеңкеде Ақшат ауылының жастарына «Отбасы Банк» акционерлік қоғамының мамандары Елтөре Балабай мен Әйгерім Қарлығашқалиева «Жас отбасы», «Жастарға арналған тұрғын үй» бағдарламалары туралы кеңес беріп, ақпаратық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабы және «Атамекен» студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Рысты Серғалева жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарлама туралы айтты. Іс-шараға 50-ге жуық ауыл жасы қатысты.

Сондай-ақ орталық басшысының орынбасары Айдарбек Саматұлы Ақшат ауылының жастарына волонтерлік қызмет жайында ақпарат беріп, ауыл жастарын игі істерге атсалысуға шақырды,дейді қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков.

А.САЙЛАУҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button