Мәселе

«Атамекеннің» атын жамылып…

Егер сізге бейтаныс нөмірден өзін «кәсіпкерлер палатасынан» деп таныстырып, ақылы түрде семинарға шақырып немесе несие рәсімдеуге көмектесетінін айтып хабарласса, бірден құқық қорғау органдарына қоңырау шалыңыз. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы соңғы уақытта осындай алаяқтық  жағдайлардың жиілеп кеткенін хабарлайды.  

— Кәсіпкерлер палатасы қаржылық қолдауларды жүзеге асырмайды. Оқыту мен кеңес беру «Атамекеннің» барлық қызметі сияқты тегін жүргізіледі.

Облыс тұрғындарынан барынша сақ болуды және осындай жағдайға тап болған кезде бірден 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз. Жеке деректеріңіз бен шот нөмірлеріңізді белгісіз адамдарға бермеңіздер.

Бизнеске қатысты сұрақтарыңыз бойынша «Атамекеннің» өңірлік кеңселеріне келіп жауап алуға болады. Бізде барлық қызмет ақысыз негізде ұсынылады, — деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз хатшысы Альмира Бисекенова.

Ұлттық палата қызметіне қатысты кез келген ақпаратты, сондай-ақ іске асырылып жатқан бағдарламалар жайында ресми ақпаратты ресми сайттан  atameken.kz  және 1432 байланыс орталығынан білуге болады. (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).

Ақерке САТЫБАЛДЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button