Басты жаңалықтарМәселе
Ойыл ауданында қалқымалы көпір орнатылады
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында уақытша қалқымалы көпір орнатылатын болды. Бұл туралы республикалық штаб отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.
Топан су асфальт жолын шайғандықтан өңірдің 15 мың тұрғыны облыс орталығынан оқшау қалып, көлік қатынасы қиындаған еді. Қорғаныс министрлігіне тиесілі инженерлік құрылғы Алматы облысынан жеткізіледі.
«Бұл көлік қатынасы мәселесін уақытша шешу жолы. Тұрғындар азық-түлік және дәрі-дәрмек сияқты қажетті тауарлармен дер кезінде қамтамассыз етіледі. Жол жөнделгенше осы көпірді пайдаланады», – деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.
Дереккөз: 24.kz