Пікір

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — ортақ іс.

Болат ҚҰЛОВ,

Қобда ауданының әкімі.

Ел саясатының басым бағыттарының бірі—сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.Оның себеп-салдарымен күресу өз алдына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастыру— әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Біз ел болып сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік қағидатын ұстанған кезде ғана тиімді нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Азамат ретінде де, мемлекеттік қызметші ретінде де тұрғындардың мұң-мұқтажын уақтылы қарап, тиісті талаптарды орындау мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жүйелі жұмыстарымызды жалғастырып келеміз. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Open-Space» форматына көшу, басшылардың кабинеттерін бірінші қабатқа ауыстыру, барлық деңгейдегі басшылардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын сол жерде өткізу дағдыға айналды. Жер, тұрғын үй беру, жас мамандарға үй сатып алуға, көтерме ақы алуға қаржы бөлу бойынша комиссия отырыстары мен «Б» корпусының бос мемлекеттік лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу жиыны да «Open-Space» форматында өтеді. Білім беру саласында да бұл бастама өз жалғасын тауып, денсаулық сақтау саласы бойынша аудандық  аурухана ғимаратының бірінші қабатында бас дәрігердің кабинеті «Ашық офис» форматында жасақталды. Тұрғындарды жеке қабылдау сол жерде жүргізіледі.

Ауданымызда сыбайлас жемқорлық көрністерін болдырмау мақсатында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін сервистік әкімдік ғимараты ашылды. Ал халыққа қызмет көрсету орталығында «eGov» порталы арқылы 60-тан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Әлия, Жиренқопа, Талдысай ауылдарында жаңадан ашық әкімдік ғимараты қолданысқа беріліп, тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуына қолайлы жағдай жасалды. Ашық әкімдік ғимаратын алдағы уақытта ауданымыздың өзге ауылдарында кезең-кезеңімен ашуды жоспарымызға енгіздік.

Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түбіртек қағаздары, үнпарақшалар таратылып, мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button