Құқық

Әдеп кодексі талаптарын орындау — басты міндет

Әдеп

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқаруы — қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сонымен бірге мұның өзі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Өткен жылы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлімдердің мемлекеттік қызметшілеріне, қалалық және аудандық басқармаларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша ақпараттық және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 54 түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, 27 мемлекеттік қызметшіге, 7 жеке және заңды тұлғаға түсінік берілді.

Мемлекеттік қызметшілермен кездесулер барысында мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемі қандай негізбен есептелетіні және жұмыс уақытынан артық қызмет жасаған жағдайда үстемеақы төлеу мәселелері жөнінде және Әдеп кодексінің талаптары, мемлекеттік қызмет заңы жөнінде кеңестер берілді.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі бойынша, соның ішінде жеке жұмыс жоспарларының мерзімді, өлшемді, даму бағдарламаларына сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілер 19 семинар өткізді.
Жеке және заңды тұлғалармен кездесу кезінде көпшілік сауалының бірі мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде түсініктер берілді.

Департамент ғимаратында қызмет көрсету бөлмесі жұмыс жасауда. Онда азаматтардың департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуына барлық жағдай жасақталған.

«Мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебінің» талаптарын сақтау бойынша жасырын қоңырау шалу арқылы талдау жұмыстары жүргізілді.Мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңмен белгіленген шектеулер мен тыйым салуды сақтауды қамтамасыз етуге, оның ішінде мүдделер қақтығысын болдырмау және алдын алуға  бағытталған талдау жасалды.

Басты міндеттердің бірі— мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер мен жүргізіп отырған саясатына деген сенімді арттыру.

Әдеп жөніндегі уәкілдін негізгі міндеті жазалау емес. Уәкілдің қызметі, ең алдымен, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуына бағытталған. Қандай жағдай болсын, мемлекеттік қызметкерлер халықпен сыпайы, салмақты түрде сөйлесуге тиіс. Әдеп жөніндегі уәкіл, жалпы мемлекеттік қызметкерлер — мемлекеттің сенімді өкілдері. Сондықтан мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері, құқықбұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар бойынша консультациялық көмектер көрсетіліп, алдағы уақытта өрескел қателіктерді болдырмау, алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қызметкерлер арасында ашық диалог жүргізу мақсатында кездесулер өткізілді. Барлық кездесулер фейсбук, инстаграм парақшасында жарияланды.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және көтермелеу бойынша 2022 жылы департамент және аумақтық басқармалар бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы арқылы 50 мемлекеттік қызметші  біліктілік арттыру курсынан өтті.

2022 жылдың 22 ақпанында Президент Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакцияда қабылданғаны белгілі. Осыған сәйкес кодекстің жаңа редакциясында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс.Департамент және аумақтық басқармалардың мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын орындауына бақылауды күшейте түсу мақсатында  жүргізілуге тиісті жұмыстар арнайы жасалған жоспар негізінде жыл бойына жүзеге асатын болады.

Б.ШАҒАЛБАЕВ,

Ақтөбе облысының санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаменті

басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкіл.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button