Құқық

Сотқа жүгіну көп

Сот

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыста қанша қылмыстық іс сотта қаралды? Қанша үкім шығарылды? Қанша үкімнің күші жойылды?

Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша алғашқы алты айда істелген жұмыстар қорытындысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жария етілді.

Жиынғаоблыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Рәзия Ахметова, облыстық соттың сот алқаларының төрағалары Әлібек Ахметов және Ербол Төлеев қатысты.

Мәліметтерге сай, алты ай ішінде соттар 830 тұлғаға қатысты 738 істі қараған.

Оның ішінде 678 адам кінәлі деп табылып, 4 адам ақталды.Үкім бойынша

300 адам бас бостандығынан айырылса, 233 адамның бас бостандығы шектелген. 68 адам қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 54 адамға айыппұл салынған.

Жылдың бастапқы алты айында облыс соттарына 729 қылмыстық іс келіп түскен. Өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда бұл 8,6 пайызға артық.

Алты ай ішінде 550 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде 226 іс бойынша шешім шығарылған. Шешімге сай, 121-і (53,5 пайыз) қанағаттандырылып, 105-ін (46,4 пайыз)қанағаттандырудан бас тартылды.

Апелляция бойынша292 қылмыстық іс қаралып, 11 тұлғаға қатысты 7 үкімнің күші жойылды, тағы да 52 тұлғаға қатысты 30 үкім өзгертілді.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рәзия Ахметова татуластыру рәсімдерін қолдану тәжірибесіне назар аударды. Ол оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қаралған істердің саны екі есе көбейгенін атап өтті.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button