Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалуда
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі — мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау.
Департамент жүргізген тексеру шаралары менталдаулар, сондай-ақ мұнда келіп түскен жолданымдарды қарау нәтижесінде осы жылдыңбірінші жартыжылдығында өңірдегі жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істейтін136 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.
Дәлірек айтқанда, жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүргізілген мониторинг бойынша —76, жүргізілген талдаулар қорытындысы бойынша —56, жолданымдарды қарау бойынша 4 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды.
Сонымен қатар облыстағы Әдеп жөніндегі кеңесте де мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралып, мамандардың құқығы қорғалуда.Атап айтар болсақ, жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 4отырысында 10 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралды. Нәтижесінде7 қызметшіге қатысты тәртіптік іс тоқтатылды.
Д.Убайдуллин,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақтөбе облысы бойынша департаментінің
мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы.