Мереке

Жас домбырашылар күй тартты

Күй күмбірі

Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында 10 наурыздан бастап Ұлыстың Ұлы күніне арналған түрлі іс-шара өткізіліп жатыр. Солардың бірі — алғаш рет ұйымдастырылған домбырашылар челенджі.

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық білім беру ұйымында «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті. Мұнда мектеп оқушылары мен студенттер бір мезетте күй тартты.

Аталған челленджге Ақтөбе облысындағы орта мектептер мен колледждер, музыка мектептерінің жас домбырашылары да атсалысты. Бұл күні №51 гимназияның «Мұрагер» үйірмесінің домбыра арқалаған ең кішкентай мүшесіне дейін ұлттық киімдерін киіп келіп, челендж талабы бойынша домбыра аспабында үш күйді бірге орындады.

Домбырашылар челленджі — еліміздің мәдени өміріндегі бірегей оқиға. Шараның негізгі мақсаты — білім алушылардың рухани мәдениетін, эстетикалық талғамын, патриоттық рухын арттыру, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбыра тарту өнерін насихаттау. Челленджге Ақтөбе мектептері мен колледждерінің, музыка мектептерінің домбырашылары да қатысты. Біздің гимназияның «Мұрагер» домбыра үйірмесіне 60 оқушы барып жүр. Олардың бәрі де республикалық шараға атсалысты. Қазақтың төл аспабын тартуды үйрететін үйірме гимназиямызда бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Балаларға домбыраның әліппесін үйретуде үйірме жетекшілері Елена Тастанова мен Айгүл Жұмағалиеваның еңбегі зор, — дейді №51 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қарагөз Ерғалиева.

Челленджге қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» күйлерін, халық күйі «Келіншекті» орындады.

Шара соңында «Мұрагер» үйірмесінің үлкен топ мүшелері Нұрғиса Тілендиевтің «Баламишка» күйін тартып, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button