Спорт

Волейболдан ашық турнир өтті

Облыстық волейбол командаларын республикалық жарыстарға даярлау үшін жағдай жасалуда.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Қазақстан пара волейбол федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі дене мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубтар мен мектептер үшін сертификатталған волейбол жабындылары, торы мен тіректері, сондай-ақ «Molten» волейбол доптарымен қамтамасыз етті. Олар Ақтөбе қаласынан бөлек, Батыс Қазақстан облысына, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл қалаларына пара волейбол спорт жабдықтарын сыйға тартты. Бұл жобаның мақсаты —  мүмкіндігі шектеулі адамдарды спортпен шұғылдануға тарту, олардың қоғаммен байланысын нығайту.

Керекті құрал-жабдықтардың орнатылуына орай бейсенбі күні волейболды отырып ойнаудан инклюзивті турнирөтті.

— 25 жылдан бері пара волейбол спортымен айналысып келемін. Әдеттегі волейбол мен отырып ойнау арасында үлкен айырмашылық бар. Пара волейбол көп қозғалыс пен күшті қажет етеді. Біз аптасына үш рет жаттығамыз. Спортпен еркін айналысуға бар жағдай жасалған, — дейді бірінші команданың спортшысы Есет Ибашев.

Турнир қорытындысы бойынша «Ардагер» ардагерлер командасы жеңімпаз атанды. Ал жүлделі екінші орынды — «Ақтөбе», үшінші орынды«Жастар» классикалық волейбол командасы иеленді. Жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button