Мәдениет

Рухани қазына орталығының биік белесі

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасына 90 жыл. Осыған байланысты өткізілген мерекелік іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Кітапхана директоры Сұлушаш Хакімова қонақтарды мерекемен құттықтап, қасиетті шаңырақтыңөткеніне тоқталды:

— Тарихи құжаттарға көз салсақ, 1932 жылы 10 наурызда Ақтөбе облысы құрылып, қалалық кітапхананың негізінде облыстық кітапхана ұйымдастырылған. Сонан бері халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан кітапханамызға 90 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасына жерлесіміз, академик Сақтаған Бәйішевтің есімі берілді. Ақын-жазушыларымыздың, тарихшы ғалымдарымыздың әрбір еңбегін көзінің қарашығындай сақтап, оқырмандарынаұсынып келе жатқан ұжым мүшелері ауызбіршілікпен еңбек етуде», — деді ол.

Қонақтар атынан сөз алған кітапхана ардагері Базаргүл Қалекенова:

— 90 жыл —  жай ғана сандық көрсеткіш емес. Бұл жылдарда қаншама еңбек пен күш, рухани құндылықтар жатыр. Ендеше, 90 жылдық белесті еңсерген рухани мекеме ұжымына оқырмандарыңыз көп болып, еңбектеріңіз табысты болсын дейміз, — деп ізгі лебізін жеткізді.

Мерекелік шарадаКітапханалық одақ атынанқұжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Қарашаш Әбдірахманова, аталған бөлімнің кітапханашысы Зоя Маханова, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Гүлзада Бейісова, мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі Мәдина Әленова «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісін иеленді. Сонымен қатар кітапхананыңбірқатар қызметкері облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисованың және кітапхана басшылығы атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Көңілге қуаныш ұялатқан осы бір сәт әдемі әнге ұласып, естелік суретке түсумен жалғасты.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button