Білім

Оқушылар мейірімділік танытты

М.Мәметова атындағы  Ақтөбе медициналық колледжінің оқушылары мен қызметкерлері Донорлар күніне орай, қан тапсырды. Бұл шара аталған оқу орнында жылда ұйымдастырылып келеді.

Облыстық қан орталығының дәрігерлері оқушылардың денсаулығын тексеріп алған соң қан алуға кірісіп кетті. Бұл акцияға барлығы 120-дан астам адам қатысты.  Олардың басым бөлігі болашақ медицина қызметкерлері.

— Соңғы кезде өз бетімен қан тапсырушылар азайып кетті. Біздің оқу орнының оқушылары жылда  қан тапсырады. Бұл жастардың, соның ішінде болашақ медбикелердің адамға, науқасқа деген мейірімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жалпы біздің оқу орнында балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу шаралары жиі өткізіледі. Бұл жолы да қан тапсыруға тілек білдірушілер көп болды. Бірақ кейбіреулері денсаулықтарына байланысты  акцияға қатыса алмай қалды, — дейді медициналық колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баян Толыбаева.

Қан тапсырушылар сол күнгі сабақтан және жұмыстан босатылды. Оған қоса әрқайсысына 365 теңге көлемінде ақша беріліп, тәтті шәй мен шоколад таратылды.

Облыстық қан орталығының қызметкерлері осындай акциялардың  қан қорын толықтыруға көмегі зор екендігін айтады.

Сәнім ЫСҚАҚҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button