Ресми

Бизнесті қолдау – дағдарысты бірге еңсеру

Өткен аптада облыс әкімі Елеусін Сағындықов облыстағы банк филиалдарының басшыларымен шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу жөнінде жиналыс өткізді. Оған осы мәселелермен айналысатын департаменттер мен басқармалар басшылары да қатысты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет жүзеге асырып жатқан дағдарысқа қарсы бағдарламаның басты бағыттарының бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Облыс әкімінің айтуынша, қазір бұл  күн тәртібінде тұрған үлкен мәселе болып отыр.

Ілкіде қаржы рыногының тұрақтылығы жөнінде мәселе көтерілгенде, мемлекет тарапынан банк жүйесін қолдау жөнінде қыруар жұмыс жасалғаны белгілі. Қазір қазақстандық  банк жүйесінің жұмысы тұрақталды, оларға қойылатын ендігі талап – басқаларға көмектесу. Облыс әкімінің айтуынша, екінші деңгейдегі банктердің Ақтөбедегі филиалдары жақсы жұмыс жүргізіп отыр –  облыс бойынша көрсеткіштер жоғары. Бизнесті қолдау – дағдарысты бірге еңсеру. Шағын және орта бизнесті дамыту – тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту деген сөз. Облыс әкімі банкирлердің осы бағытта жасап отырған жұмыстары жөнінде ақпараттарын тыңдап, экономикалық дағдарыстан қолтықтасып, қол ұстасып шығу қажеттігін тілге тиек етті.

Облыс әкімі банк өкілдеріне шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында бөлінген қаржыны мамыр айына дейін игеру қажеттігін тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button