Білім

Ізденімпаз ұстаз

Өнеге

«Ұстаздық ету — уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық — ұлы нәрсе» деп Зейнолла Қабдолов айтпақшы, Шалқар ауданы №6 жалпы орта білім беру мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекеме жанындағы интернат тәрбиешісі Күнжан Аманбаеваның еңбек жолы туралы әңгіме өрбітпекпіз. Бала жанының бағбаны — ұстаз. Балаға тәрбиені өн бойына сіңірумен қатар, тәрбиешінің қоғамда атқаратын қызметі орасан зор. Бұл аталған интернатта тәрбиешілер оқушылардың күнделікті бос уақыттарын тиімді пайдалану барысында түрлі қызықты шаралар ұйымдастырады.

Балалардың жан дүниесіне мейірім шуағын төгіп, олар үшін әркез алаңдап, қамқорлық танытып отыратын тәрбиешінің еңбегін әр баланың жанарынан, көзқарасынан аңғаруға болады. Мұғалімнен білім мен тәрбие алған Күнжан Аманбаеваның шәкірттері оқу қабырғасындағы сәттерді ерекше мақтанышпен еске алады. Бастауыш сыныпқа білім беретін ол осы салада қайырымдылық шараларына үлес қосқаны үшін 2019 жылы мектеп директоры Ә.Оспанованың Алғыс хатымен, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Жаңартылған білім беру құзыреттілігі» тақырыбында оқыту семинарына қатысқаны үшін сертификат иеленсе, 2020 жылы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Одан басқа да соңғы екі жылда алған жетістіктері жетерлік.

Күнжан Қойтанқызы жолдасы ертерек өмірден озса да, әке орнын жоқтатпай, үш ұлын тәрбиелеп өсірген аяулы да ардақты ана. Екі ұлы өз алдына отау құрған, отбасылы. Үшінші ұлы Нұрайдар Өтебаев — №6 орта мектеп түлегі, Алтын белгі иегері. Мектеп мақтанышына айналған Нұрайдардың терең білім алуына ұстаздары мен мектеп директоры Жаңабай Ақмырзаұлының екбектерін атап өтпеске болмайды. Қазіргі таңда ол медицина мамандығы бойынша білім алуда.

Отбасы мен жұмысты қатар алып жүрген, ұрпақ тәрбиесінде өнеге мен тәрбиені сіңіре білген әріптес ұстазға еңбегіңіз еленіп, мәртебелі мамандықтың майталман иесі бола беріңіз демекпіз.

                                                                                                   Қалқажан Саржанова

                                                                                        №6 жалпы орта білім беру мектебі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button