Әлеумет

Жаңа собордағы пасха

Сенбіден жексенбіге қараған түнде әлемнің православтары дәстүрлі Пасха мерекесін атап өтті.

Биылғы жылы қаламыздың Христосқа сенушілері мерекені жаңа Қасиетті Никольск соборында атап өтті. Қаланың басқа шіркеулерінде де пасхалық қызметтер өткізілді.

Түнгі сағат 12-де басталатын мейрамға жарты сағат қалғанда қала әкімі Архимед Мұхамбетов келді. Қала басшысы өзінің сөзінде Қазақстанда тұрып жатқан азаматтар үшін ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың маңызын баса айтты. Әкім әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан, қаламыз дамып, көркейе беретінін атап өтті. Ол жақында храм төңірегі Ақтөбенің ең көрікті орындарының біріне айналатынын айтты. Архимед Бегежанұлының айтуынша, саябақ субұрқағы, сквері мен алаңдары бар сулы жасыл гүлзарға айналады.

Түн жарымында Қасиетті Никольск соборы маңында крест жорығы жасалып, мерекелік дәстүрлер орындалды.

Мұндай салтанатты қызмет келесі жексенбіге дейін өтетін болады. Ал православтық тұрғындар Пасханы атап өтеді. Бір апта өткеннен кейін пасхалық қызмет тек жексенбі сайын жүргізіледі. Бұл мереке барлығы қырық күнге созылады.

Асхат ҚАЛЖАНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button