Пікір

Үлкен жолдың басында тұрмыз

Сәкен ЗАЙМОЛДИН,

Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы:

— 26 қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлық­­тау рәсімі өтті.

Жуырдағы сайлауда ол дауыс берушілердің 81,31 пайызының дауысын жинап, жеңіске жеткені белгілі. Ұлықтау рәсімі кезінде Президент еліміздің Конституциясына қолын қойып тұрып, өзіне жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға ант бергеннен кейін, қызметіне ресми түрде кірісті. Осысалтанаттыіс-шараға мен де қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін бастан-аяқ тыңдадым.

Президент елімізге өзі басшылық ететін алдағы жеті жылдың ішіндегі басты мақсат — Әділетті Қазақстанды құру екенін  айрықша атап өтті. Оның сайлауалды бағдарламасының өзі «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталғаны баршаңызға аян.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде: «Енді біздің ортақ мақсатымыз — заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін Әділетті Қазақстанды құру. Қоғамды трансформациялап, Қазақстанды шынайы демократиялық институттары дамыған елге айналдыру үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, қастерлі тәуелсіздігімізді нығайтамыз. Қазір біз осы қиын-қыстау жолдың басында тұрмыз.Алдымызда атқаратын жұмыс көп» деді.  Заң мен тәртіп үстемдік құрған, әділ қоғамда ғана азаматтар бүгініне риза, болашағына сенімді өмір сүре алады. Сондықтан ел болашағын айқындайтын үлкен мақсаттың, үлкен жолдың басында тұрғанымызды әрқайсысымыз сезінуіміз керек.

Ұлықтау рәсімінен кейін Президент бес Жарлыққа қол қойды. Соның ішінде, бірінші қол қойған құжаты — ауылды дамытудың бес жылға арналған тұжырымдамасы. Біз — ауылда өсіп-өнген халықпыз. Ал ауыл шаруашылығы өндірісінің өркендеуі — бұл ауылда халықты тұрақтатудың кепілі. Әр қазақ ауылдың көркейіп, дамуына тілеулес, өйткені әр қазақтың тамыры — ауылда. Сондықтан ауылды дамытуға бағытталған бастамаға жан-жақты қолдау болады деп сенеміз.

Ең бастысы, аспанымыз ашық, бірлігіміз мығым болғай!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button