Пікір

Әділетті таңдау

Нұрхан АҒНИЯЗОВ,

Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Президент сайлауы елдің болашағына қатысты нақты жоспары бар мықты көшбасшыны әділетті таңдаумен аяқталды. Қазақстандықтар алдағы жеті жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болуға дайын екендіктерін нақты көрсетті.

Жаңа сайланған Мемлекет басшысы еліміздің дамуына жаңа серпіліс береді деп ойлаймын. Жаңа идеялар жүзеге асырылып, ел экономикасын жақсартуға бағытталған межелі істер мен халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы нақты реформалар орындаларына бек сенімдімін.

Еліміздің жай-күйіне алаңдайтын қазақстандықтар сайлауға белсене қатысып, ұлт тағдырына немқұрайды қарамайтындығын көрсетті.

Қоғам сенімінсіз Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес. Біз өзіміз сенім артатын, халық игілігі үшін адал қызмет ететін нағыз патриоттарды айналасына біріктіре алатын Президентті таңдадық.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі әділетті Қазақстанды құрудағы біздің қоғамның ынталы ерік-жігерін айқындап берді деуге болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button