Спорт

Қолдауды сезіндік, биіктен көрінеміз…

Елдің рухын көтерудің басты құралы спорт екендігі белгілі. Нәтижесі көп күттірмейді — облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері көш басында. Спортшыларымыз да облыс намысын қорғауға, елдің сенімін ақтауға әрдайым асық.

Мысалды алыстан іздемелік… Мамыр айының 6-7 күндері елімізде бұрын-соңды болмаған алып кампанияның — спорттық бәсекенің тұсауы кесілді. Атап айтқанда, қазақ күресі арқылы «Қазақ барысы» анықталуы тиіс республикалық доданың облыстық іріктеу кезеңі облыс әкімінің тікелей қолдауымен өте жоғары деңгейде өтті. Елеусін Наурызбайұлының материалдық-моральдық жәрдемі бізге жаңа серпін берді. Боз кілемге шыққан палуандардан бастап, тақымдарын қысқан жанкүйерлерге дейін ұлттық спортымыздың дүмпуін сезінді.

Төрт салмақ бойынша 60 палуан белдесіп, айласы мен әдісі асқан Мұрат Айнадин (60 келі), Рүстем Бөрібаев (74 келі), Нұрсұлтан Иманғазин (90 келі) және Мейрамбек Базылбеков (90+) жауырыны жер иіскемей, жеңіс тұғырына көтерілді. Енді бұл спортшылар республикалық кезеңге жолдама алып отыр.

Атап өтерлігі, «Қазақ барысы», яғни халқымыздың сайыпқыран жігіті ұлттық спортымыз бойынша анықталып, осы мәртебеге қол жеткізген палуан Елбасы туған күні қомақты сыйлықпен марапатталады. Доданың мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, төл спортымыздың деңгейін көтеру.

Бақтыбай ҚИСЫҚОВ, Қазақ күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері

Мейрамбек БАЗЫЛБЕКОВ, Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button