Пікір

Еліміз үшін ең маңызды оқиға

Темірлан МИРМАНОВ,

Алға аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы,

аудандық мәслихат депутаты:

— Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді», — деп көрсетілген. Барлық зайырлы, демократиялық мемлекеттерде халықтың билігі әр адамның дауыс беру құқығының сақталуы арқылы, сайлау арқылы жүзеге асады.

20 қарашада біздің елімізде де Президент сайлауы өткелі отыр. Бұл — еліміздің болашақ даму бағдарын айқындайтын аса маңызды оқиға.Қазір еліміз жаңа саяси кезеңге аяқ басты. Биылғы сайлау да — соның бір көрінісі. Енді елімізде Президент жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық ел Президенті болып сайлана алмайды, яғни бір адамның қайта-қайта сайлануына басты заң — Конституция арқылы тыйым салынып отыр.

Еліміздің жаңа келбетін қалыптастыруда, маңызды реформаларды жүзеге асыруда әсіресе жастардың рөлі зор. Қашан да жастар — дамудың қозғаушы күші. Алдағы Президент сайлауына да жастарымыз бейжай қарамай, өз болашақтары үшін белсенділік танытады деп сенемін.

Барша жерлестерімізді өзініңКонституцияда көрсетілген құқығын пайдаланып, сайлауда дауыс беруге шақырамын.Ел болашағын бірге айқындайық!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button