Пікір

Өз таңдауымызды өзіміз жасайық!

Айтуған ТӘЖІМҰРАТОВ,

«Аңсар-Байғанин»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Көп ұзамай елімізде үлкен саяси оқиға болғалы тұр. 20 қараша күні Президент сайлауы өтеді. Қазақстандықтардың бұдан күтері көп.

Президенттік басқару жүйесін бір реттік әрі 7 жыл мерзімге белгілегені дұрыс деп есептеймін. Өйткені бұл ел басқаратын тұлғаның жоба-жоспарын көрсетуге, өз мүмкіндігін іске асыруға жеткілікті уақыт. Елімізде соңғы жылдары қолға алынған өзгерістерді құптаймын және көпшілік сынды бұдан тек оң өзгерістер күтемін.

Президент сайлауына келсек, әрине, оған бару-бармау — әр адамның жеке ісі. Бірақ саяси реформадан тысқары қалмай, өз азаматтық үніңді білдіру дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан отбасыммен сол күні өзім қалаған үміткерге дауыс беріп, таңдауымды жасаймын. Басқаларды  да сайлауға қатысуға шақырамын.

Айналамдағы адамдар, замандастарым бұл сайлаудан кейін елімізде жағымды жаңалықтардың болатынына сенеді. Менің де әлеуметтің әлеуеті жақсарып, тұрмыс-тіршілігіміз бұдан да берекелі боларына үмітім зор. Сайлауға қатысып, дауыс берудегі көздегеніміз де сол.

Барлық ақтөбелікті сайлауға барып, дауыс беруге, жалпы қай істе де белсенді болуға шақырамын.

 Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button