Мереке

«Ерлердің ісі бітер ме?..»

Ақтөбеде Республика күні қарсаңында Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның мәдениет қайраткері, композитор Мақсым Меңкешовтің шығармашылық кеші өтті. «Ерлердің ісі бітер ме?..» атты бұл шара сазгердің 75 жас мерейтойына арналды.

Мерекелік кешкесазгердің бір топ әріптес-достары, зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысты. Сахна шымылдығы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияныңА.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен «Ерлердің ісі», «Сұлтан Бейбарыс» аспаптық поэмаларыменашылды. Сонымен қатар осы кеште «Әбілқайыр хан» аспаптық поэмасының тұсауы кесілді. Фариза Оңғарсынованың өлеңіне жазылған «Аялаймын сені» әнін тұңғыш рет Марат Әйтімов орындады. Одан бөлек композитордың «Өлең, мен сені аялап өтем», «Ұстаз тілегі», «Немере», «Балауса»  әндері шырқалды.

Шығармашылық кешке келген қонақтар арнайы құттықтау сөз сөйлеп, сазгерге сый-сияпаттарын тарту етті. Мерейтой иесіне облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім жетекшісі Назимат Демешова облыс басшысының орынбасары Бұлбұл Елеусінованың атынанқұттықтау хат тапсырды. Қазақ-орыс халықаралық университетінің проректоры Бақытгүл Зұлқайнаровакомпозитордың иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасованың жылы лебізге толы Алғыс хатын кәсіби-шығармашылық факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Ақжігітова табыстады. Сондай-ақ Республикалық ардагерлер ұйымы М.Меңкешовке арнайы төсбелгі тақты.

Айта кету керек, Мақсым Меңкешов Атырау облысында туғанымен, шығармашылық жолын Ақтөбеден бастаған. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері «Алғашқы сезім», «Қыз сағынышы», «Анама хат», «Балауса», «Сұлтан Бейбарыс», «Сарайшық саздары», т.б. бірнеше әндердің авторы. Ақтөбе қаласында «Балауса» және «Қарлығаш» қыздар ансамбльдерінің негізін қалаған.

Ұлттық мереке қарсаңында сондай-ақ Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Менің Қазақстаным менің болашағым» әдеби-танымдық сағаты,

С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында «Бірлігіміз жарасқан» мерекелік шарасы, Ә.Молдағұлова мемориалды музейінде «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» кездесу кеші өтті.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button