Спорт

Әділет — әлем чемпионы!

Белбеу күресі

Жерлесіміз Әділет Шалғынбекұлы Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Әділеттің күреске деген қызығушылығы бесінші сыныптан басталған. Жаттықтырушысы — Сәндібек Ахетов. Бұған дейін алты дүркін ел чемпионы атанған Әділет жақында Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Дүбірлі додаға әлемнің 24 мемлекетінен спортшы қатысқан. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы бес алтын, екі күміс, жеті қола медальмен елге оралған. Солардың ішінде жерлесіміз Әділет Шалғынбекұлы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Жарыста маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйеріме, жаттықтырушыма шексіз алғыс айтамын. Бұл — менің осы күнге дейін төккен терім мен еткен еңбегімнің жемісі, — деді Әділет Шалғынбекұлы.

Бүгінде Әділеттің өзі де шәкірт тәрбиелейді.

Чемпионды Ақтөбе қаласының теміржол вокзалынан жанкүйерлері мен жақындары, шәкірттері сырнайлатып-кернейлетіп күтіп алды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button