Мәдениет

«Айналайын – 2009» басталды

Өткен бейсенбі күні дәстүрлі «Айналайын – 2009» ән байқауы биылғы жалғасын тапты. Жылда «Қазхром» ТҰК-ның демеушілігімен өтетін ән сайысына облыс аудандары мен қала мектептерінің оқушылары қатысады.

Металлургтер Мәдениет үйінде шымылдығын ашқан конкурстың іріктеу сынына шалғайдағы Ойыл, іргедегі Қарғалы, Алға аудандарынан да күміс көмей балалар көптеп келген екен.

№38 Ақтөбе орта мектебінің өзінен 1-8-сыныптар аралығындағы бес оқушы қатысуда. Балаларды осы жарысқа дайындаған, мектептің музыка сабағын жүргізетін Шынаргүл Мажитова мен Рима Майлышеваның айтуынша, кішкентай әншілердің сахнада өздерін ұстауы өте жақсы. Конкурс тәртібі бойынша бір халық әні және бір балаларға арналған ән орындалуы керек.

Жарқырай шыққан көктем күнімен бірге жаныңды жадыратар балалардың бұлбұл  даусы залға жиналған көрермендерді бір серпілткені анық.

С.БИСЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button