Ауыл

Жылжымалы емхана — Жосалыда

  • Қарғалы

Осыдан екі жыл бұрын тұрғындардың денсаулығын уақтылы тексеру,  диагностикалық зерттеулер жүргізу мақсатында аудандық аурухана заманауи жылжымалы дөңгелекті кешен алған болатын. Аталған жабдықталған автобуста жеті кабинет бар. Медициналық кешен арқылы тұрғындарға көшпелі түрде профилактикалық емдік және сауықтыру іс-шаралары жүргізіліп, қажет болған жағдайда медициналық орталықтарға жолдама беріледі. Сырқатқа шалдыққандар  есепке қойылып, бақылауға алынады.

Іске кіріскелі аудандағы шалғай ауылдарды түгел аралап шыққан жылжымалы емхана биыл іргелес Хромтау ауданының Бөгетсай, Абай ауылдарында да болып қайтты.

Өткен  аптаның сәрсенбісінде жылжымалы емхана Қарғалы ауданының Кемпірсай ауылдық округі Жосалы ауылында болды. Жосалының ауылдық медициналық амбулаториясының тұсына тоқтаған медициналық кешен жұмысын ертемен  бастады. Денсаулығын тексертуге келген тұрғындардың қарасы көп болды. Әр саладағы дәрігерлердің қабылдауында кемінде 50-ден аса адам болды. Тұрғындарды қабылдаған хирург, терапевт, гинеколог, басқа да салалық мамандар зерттеу аппараттарымен диагностикалық анализдерді шұғыл түрде жүргізіп, сараптамалары айтылып, дәрігерлік кеңестер берді.

Мұндай жылжымалы кешенді іске қосу ауыл тұрғындары үшін өте ыңғайлы болды. Денсаулық алдымен өзіміз үшін керек, солай десек те, дәрігерлер скринингтен өтуге шақыртқанда уақыт таба алмай, уақыт оздырып алып жатамыз. Оған қоса аудандық ауруханаға бару үшін уақыт, қаржы керек. Міне, осыны ескерген дәрігерлер ауылымызға арнайы келіп, әр тұрғынды тексеріп, дәрігерлік кеңес беріп жатыр, — дейді Жосалы ауылының тұрғындары.

Аудандық емхананың меңгерушісі, жылжымалы кешеннің жетекшісі Сұлушаш Отарбаеваның айтуынша, кешен одан әрі басқа ауылдарға да баратын болады.

Бақыт ИМАШЕВ,
Қарғалы ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button