Ауыл

Жастардың жақсы ниеті

  • Қайырымдылық

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы «Күшіміз — бірлікте» атты шағын футболдан қайырымдылық турнирін ұйымдастырды.

Қайырымдылық турниріне жастардан құралған 8 команда қатысып, 4 отбасына қуаныш сыйлады. Жеңіске ұмтылғандар жарыс соңына дейін бар күшін салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара бос уақытты дұрыс пайдаланып, адамның дамуына және салауатты өмір салтына жетелейді.

Турнир нәтижесінде, «Ойыл» командасы бас жүлдеге ие болды. Екінші орынды «1991» командасы еншілесе, үшінші орынға «Кенқияқ» (Темір ауданы) командасы қол жеткізді. Сондай-ақ «Қараой», «Сәт» командалары белсенді қатысқандары үшін марапатталды. «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша бірқатар спортшыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Турнирден түскен 80 мың теңге қаражат Ойылдағы төрт мұқтаж отбасына берілді.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button