Ауыл

Шөп жәрмеңкесі өтті

  • Мал азығы

Ойыл ауданында шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ауданға қарасты бірқатар елді мекеннің шаруа қожалықтары қатысты. 

Жәрмеңке алаңына 1500 бума шөп шығарылды. Бір буманың бағасы 450 теңгеден сатылды. Саралжын, Берсиев, Сарбие, Қайыңды, Ойыл ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтарының шөптері лезде өтіп үлгерді.

Биыл мал азығының түсімі мол әрі қазір шөптің құнары бойынан кете қоймаған шақ. Иісі де аңқып тұр. Алайда жайбарақат жүруге де болмайды. Алдымызда күз мезгілі күтіп тұр. Құбылмалы күз жауын-шашынды болуы әбден мүмкін. Сондықтан қыс азығын жаз қамдауға кірісіп, қорадағы түлікке қажетті жем-шөпті де осы кезден даярлап алған дұрыс.

Шөп жәрмеңкесіне ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Абат Мүбәраков қатысып, тұрғындарға мал азығын ертерек алу керек екендігін айтты. Сондай-ақ шөп бағасы үнемі бақылауда болатынын жеткізді.

Қазір көпшілік мал бағуды кәсіп еткені белгілі. Сондықтан шөп жинай бастағаннан жұртшылық оны қорасына түсіруге асығады. Осы ретте ұйымдастырылған шөп жәрмеңкесінің тигізер пайдасы зор.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button