Спорт

Жабасақ түлектері жарыс өткізді

  • Түлек

Әйтеке би ауданындағы Жабасақ ауылында футболдан жарыс өтті.

Жабасақ орта мектебі түлектерінің кубогына арналған дәстүрлі доданы бұл жолы мектептің 2002-2007 жылы бітірген түлектері ұйымдастырды.

Спортты серік еткен жігіттер 13 команда болып бақ сынасты.

Тартысты жарыс нәтижесінде «Бүркіт» командасы чемпион атанса, «Лидер» 2-орынға, ал «Тұлпар» командасы 3-орынға ие болды. Жарыс соңында Нұршат Маханбет («Тұлпар») — үздік қақпашы,  Жайлыбек Данабек («Бүркіт») — үздік қорғаушы, Аслан Бөкенбай («Лидер») — үздік шабуылшы, Мақсат  Әбдікеров («Дөйт») үздік ойыншы атанса, сұрмерген атағы Нұркен Аяғанға («Бүркіт») бұйырды.

Ал ауыл азаматтарының арнайы ең үздік гол жүлдесіне Ержан Сүлейменов лайық деп танылды.

Жарыс барысында арқан тартыс, үстел теннисінен де мықтылар өзара бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2002 жылғы түлектер алтын ұя мектептеріне 10 домбыраны сыйға тартып, ұстаздар мен оқушыларды қуанышқа бөледі. Ауыл тұрғындары да жастарға киіз үй тігіп, қонақасын берді. Жарыс соңы өнерпаздар дайындаған мерекелік концертке ұласты.

Жабасақ ауылы түлектерінің бұл шарасы талай жасқа үлгі болары анық.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button