Білім

61 мыңға жуық грант бөлінеді

ҰБТ

Қазір Ақтөбе және Шалқар қалаларындағы тестілеу пункттерінде ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізіліп жатыр. Грант иеленуге екі мүмкіндік беретін конкурс шілденің 5-і күні аяқталады.

Бұл сынақта биылғы мектеп түлектері де, өткен жылғы түлектер де, колледж түлектері де бақ сынайды.

—  Талапкерлерге ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруғаекі рет мүмкіндік беріліп отыр. Үміткерлер екеуінің бірінің нәтижесін таңдап, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады. 

Талапкер бірінші мүмкіндікте ереже бұзғанса, тест қорытындылары жойылады және талапкерге екінші рет мүмкіндік берілмейді. Егер  бірінші мүмкіндікте сыннан өтіп, екіншісінде ереже бұзса, онда екі мүмкіндіктің де қорытындысы жойылып, талапкер гранттың конкурсына қатыса алмайды. Сол себепті  талапкерлер ережені қатаң сақтауға тиіс. Айта кету керек, түлектер екі мүмкіндікте де таңдау пәндерін өзгерте алмайды, — дейді Ұлттық тестілеу орталығының тестілеу администраторы Алина Сержанова.

Оның айтуынша, биылғы талапкерлер «Бір компьютер — 2 камера — 1тестіленуші» қағидасы негізінде тест тапсыруда. Осы оқу жылында 8044 оқушы мектеп бiтipедi. Биылғы мектеп түлектері үшін ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу тегін, басқа талапкерлер үшінтіркелу құны — 4230 теңге.

Тестілеу ұзақтығы — 240 минут. Ерекше білім беруге мұқтаж балалар үшін тест тапсыруға берілген уақытқа 40 минут қосымша беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру мақсатында жыл сайын жоғары білім алуға арналған гранттар саны артып келеді. Биыл жастарға мемлекет тарапынан 61 мыңға жуық грант бөлінеді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button