Мәдениет

Офицер – Отан қорғаны

«Офицер – батырлар мамандығы». Жақында Ақтөбеде өткен акция осылай аталды. Шараны Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлер комитеті  ұйымдастырды.

Жақында Ішкі әскерлер комитетінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқармасының бастығы, полковник М. Сатов бастаған ақпараттық үгіт-насихат тобы Ақтөбеге келді.

Ақпараттық үгіт-насихат тобының мақсаты – Елбасы Жолдауын насихаттау және түсіндіру. Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткен кездесуге облыстық ішкі саясат, білім басқармасы, ішкі істер департаменті, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, «Нұр-Отан» ХДП, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен мектеп және колледж оқушылары қатысты. Кездесуде сондай-ақ офицер мамандығының керектігі, бұл бағыттағы проблемалар мен тәжірибелер, отансүйгіштік тақырыбында әңгіме айтылды.

Акция барысында Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің ән-би ансамблі Алға қаласындағы балалар үйінде өнер көрсетті. Сонымен қатар Студенттер сарайында концерт қойды. Облыстық ішкі істер департаментінің, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, облыстық білім басқармасының өкілдері, ардагерлер, әскерилердің отбасылары, мектеп директорлары, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері концертті тамашалады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button