Спорт

Уго видемон — үздік гол авторы

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде биылғы жылдың наурыз айындағы үздік голдың авторы атанған Уго Видемонды («Ақтөбе») марапаттау рәсімі өтті.

Уго Видемонға жүлдені Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті Рохус Шох табыстады.

Үздік голды таңдау лиганың әлеуметтік желілерінде ұйымдастырылған сауалнаманың қорытындысы бойынша жүзеге асырылды.

Бұл нәтижелі соққыны франциялық футболшы Қазақстан Olimpbet-чемпионатының 2-туры аясында «Атырау» қақпасына бағыттады.

  • Мен өте қуаныштымын, маған дауыс берген барлық жанкүйерлерге алғысым шексіз. Аталмыш жүлде мені ынталандырады, сондай-ақ бұл гол «Атырау» командасына қарсы ойында маңызды үш ұпай алып келуге көмектескеніне қуаныштымын. «Ақтөбе» командасының жанкүйерлерін нәтижелі соққылармен одан әрі қуантуға тырысамын. Мен өзімнің жеке статистикам туралы уайымдамаймын, себебі футболда кез келген жағдай болуы мүмкін. Соққан голдарымның жеңіске жетуге және команданың кестеде көтерілуіне көмектескенін қалаймын, — дейді Уго.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button