Спорт

Ел чемпионаты өтті

Жүзу

Ақтөбе қаласында 29 наурыз-2 сәуір аралығында «Достық» бассейнінде жүзуден ҚР чемпионаты өтті.

Онда биыл Будапештте өтетін әлем чемпионатына қатысуға іріктеу үшін жүзгіштер анықталды. Чемпионатқа еліміздің барлық  облысынан 22 команда бойынша 250 спортшы қатысты.

Біріншіліктің бағдарламасына сәйкес спортшылар 50 метр баттерфляй, 100 метр еркін жүзу, 200 метр шалқалап жүзу әдістерімен сынға түскен болатын. Бұл жарыста ақтөбелік жүзгіштер  облыстың қоржынына 24 алтын, 11 күміс, 2 қола салды. Ұпай саны жағынан бірінші орынды Алматы қаласы иемденсе, Ақтөбе облысы  екінші орынға шықты. Іріктеу кезеңінің 3-інші орны Нұр-Сұлтан қаласынан келген командаға бұйырды.

Ақтөбеде су спорты қарқынды дамып келеді. Олай дейтініміз, бұл іріктеуде жерлес спортшымыз Диана Тасжанова 1500 метрге еркін стильде жүзуден чемпионаттың рекордын жаңартты. АлАйбек Камзенов 2022 жылы Будапешт қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Самат ЕСЕНҚҰЛ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button