Мереке

Жас келіндер байқауы

Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Құтты келін — шаңырақ ырысы» атты жас келіндер байқауы өтті.

Мақсат — ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, шаңырақтың берекесін арттыруға,   сыйластыққа, ынтымақ пен бірлікке, ұйымшылдыққа тарта отырып, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге тәрбиелеу.

Аталған байқау үш кезеңнен тұрды. Жас келіндердің шапшаңдығына, берілген тапсырманы тиянақты әрі тез орындауларына, ой ұшқырлықтарына және сахна мәдениетін сақтауларына аса мән берілді.

Нәтижесінде Арай Біржанова байқау жеңімпазы атанды. Айдана Жәнібекова жүлделі екінші орынды еншілесе, Ақдидар Әдібек үшінші орынға қол жеткізді. Сондай-ақ «Сыр мен сымбаты жарасқан жас келін», «Өнерлі келін» номинациялары берілді. Жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button