Ресми

Облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясы 2022 жылғы 2 наурызда сағат 10.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №80 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева — экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы.

  1. Өзге сұрақтар.

 Облыстық мәслихаттың хатшысы  А.НҰҒМАНОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button