Әкімдер есебі

Қала көркейе түседі

Алға ауданының әкімі Нұрбол Ержанов аудан орталығы тұрғындарының алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Былтыр Алғада атқарылған жұмыстар, негізінен, қала келбетін ретке келтіріп, тазалық, жарықтандыру мәселелерін шешуге бағытталды. Қаладағы көп қабатты үйлердің аулалары толығымен абаттандырылды, сондай-ақ көпшілігінің қасбеттері жөнделіп, аулаларына балалардың ойын алаңдары мен спорттық алаңдар салынды. Қала аумағы ретсіз жатқан қоқыс үйінділерінен тазартылып, қоқыс жәшіктері қойылды.
Бұл жұмыстар биыл да жалғасады.12 автокөлік жолын жөндеу жұмыстары басталып, тағы бірқатар көшеде жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу жоспарланған. Биыл орталық көшелерде балалардың ойын алаңдары салынатын болады.
Жиынға қатысқан тұрғындар аудан әкімінің есебін тыңдап, 2022 жылға арналған істердің жоспарымен танысқаннан кейін өз пікірлерін, сауалдары мен өтініш-тілектерін жеткізді. Тұрғындарды толғандыратын басты мәселе — жолдардың сапасы екені аңғарылды, яғни жолдарды жөндеуге байланысты талап-тілектер көбірек айтылды. Сондай-ақ жылдамдығы жоғары интернетпен қамту мәселесі де көтерілді.
Аудан басшысы алдағы жұмыстар барысында тұрғындардың пікірі мен талап-тілектері барынша ескерілетінін айтты.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button