Әкімдер есебі

Биыл ембідегі мектептің құрылысы аяқталады

Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шериязданов Ембі қаласының және Қайыңды, Егіндібұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, ауданның дамуынақатысты мақсат-міндеттермен бөлісті.

Әкімдікте өткен есепті кездесуде әуелі Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай былтыр бірқатар ауқымды істер атқарылғанын баяндады. Атап айтқанда, Б.Момышұлы көшесі №11 үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 45 пәтерге тұрғындар қоныстанды. Ж.Тілепбергенов көшесіне асфальт төселіп, биотазарту кешенінің құрылысы аяқталды. Ангар типті спорт кешені ашылды. Ембі қаласының 32 көшесіне диодты көше шамдарын орнату жұмыстары басталды. Сондай-ақ қала  әкімі былтыр Ембі қаласының 30 тұрғыны қайтарымсыз грантқа ие болып, өз кәсіптерін бастағанын да атап өтті.
Аудан әкімі Асқар Шериязданов биыл Ембі қаласындағыүш қабатты 320 орындық заманауи мектептің құрылысы аяқталатынын, орталық стадионға 500 орындығы бар трибуна, спортшыларға арналған киіну орындары, төрт жолақты жүгіру жолдарын салуға және №7 орта мектеп жанынан заман талабына сай спортзал салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатқанын баяндады. Сонымен қатар Б.Момышұлы көшесіндегі №15 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес биыл аяқталып, кезекте тұрғандарға берілетіндігін жеткізді.

Одан соң аудан әкімі Асқар Шериязданов Қайыңды ауылдық округінің әкімі Нұрболат Жалғастың тұрғындар алдындағы есебіне қатысты.
Округ әкімінің айтуынша,былтыр «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында округ бойынша 22 адам жұмысқа орналасты. Оның 12-сіақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, 10-ы жергілікті мекемелерге тұрақты жұмысқа тұрғызылды.Сондай-ақ ол «Туған жерге тағзым» акциясы аясында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «AltynEx Company» АҚ демеушілігімен Алтынды ауылына құны 12 миллион теңгеге жаңа үлгідегі балалар және «WorkOut» алаңы орнатылғандығын баяндады.
Есепті кездесуде сөз алған аудан әкімі былтыр аудандағы бірнеше елді мекенге газ тартылып, орталықтандырылған ауызсумен қамтылғанын жеткізіп, биыл да бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатындығын атап өтті. Сондай-ақ Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, былтыр Алтынды ауылында құрылысы басталған 60 орындық мектептіңжаңа оқу жылында тапсырылатыны да айтылды.

Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Әлімжан Андақұловбылтыр Бұлақты ауылының бір жұмыссыз тұрғыны қайтарымсыз грантқа ие болып, дөңгелек жөндеу цехын ашқанын, «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 5 студент маусымдық жұмысқа тартылып, 13 тұрғын ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданғанын айтты. Сондай-ақ Бұлақты негізгі мектебінебылтыр күрделі жөндеу жасалғанын, өрт сөндіру бекеті ашылып, ауылдың 7 тұрғыны жұмысқа орналастырылып, арнайы көлікпен қамтамасыз етілгендігін жеткізді. Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет»сауда үйінің басшысы Ербол Байжарқынов округтегі «Тұздыкөл»демалыс орнында күн көзінен қорғайтын паналар орнатып, аумақты абаттандыруға үлес қосқандығын да атап өтті.

Кездесулерде ауыл тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Әкімдер тұрғындардың ауылды көркейтуге бағытталған ұсыныстары міндетті түрде ескерілетінін айтты.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button