Тәуелсіздік — 30

Ахмет Байтұрсынұлы мұралары және латын әліпбиі

Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясында ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында «Ахмет Байтұрсынұлы мұралары және латын әліпбиі» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты —  ұлт ұстазы, қазақ әліпбиінің негізін салған Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық, патриоттық санасын ояту. Конференцияға Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлері, облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, С.Бәйішев университеті, қалалық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдері, ғалымдар, студенттер, магистранттар  қатысып, баяндама жасады.

Конференцияда «А.Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы»,                       «Қазақ тіл білімінің атасы», «Жетілдірілген әліпбидегі диакритикалық белгілердің таңдалуы», «Латын жазулы қазақ әліпбиінің тіл табиғатымен үндестігі», «А.Байтұрсынұлы және латын графикасын қолдану мәселесі» және т.б. тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ №1 Абай атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері «Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы», «Маса», «Жоқтау» т.б. шығармалары қойылды .

Конференцияға қатысушылар қала әкімінің орынбасары Айбек Купеновтің атынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар қатысушыларға Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі құрастырған қалалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы табысталды.

Алтын СҮЛЕЙМЕН,

Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді дамыту секторының меңгерушісі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button